Конспект по химии на тему "металдар"
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Туякова Зиягул Оразалиевна
|
Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
9-сыныпХимия пәні
Сабақтың тақырыбы:Металдар тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардыңметалдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толық -тыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін,өзіндік пікірін қалып -тастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік:Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі:Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Сабақтың әдісі:Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Т ірек сызбалар, проблемалық сұрақтар,концептуалдық кесте
Сабақтың көрнекілігі:Химиялық реактивтер /мыс,күкірт қышқылы, темір, мыс сульфаты, магний ,мырыш , тұз қышқылы, кесте, топтамалар
Пәнаралық байланыс:Тарих, биология, қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылығын ояту
ІІІ. Мағынаны тану. Металдар тарауын қайталау
1)«Кім жылдам» ойыны
2)«Үндемес» ойыны. Картамен жұмыс
3)Химиялық диктант
ІV. Ой толғаныс
V. Өзіндік жұмыс.
VІ. Оқушылардың алған білімдерін есепке алу
VII.Қорытынды
VІІІ. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін сабаққа дайындау
1.Оқушыларды түгендеу
2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Қызығушылығын ояту:
Логикалық есеп
Ғарыш кемесі апатқа ұшырап, белгісіз планетаға қонуға мәжбүр болды. Кеме капитаны ғарышкерлерге атмосфера құрамын анықтауды тапсырды. Ғарышкердің қолында алма, малахит қобдишасы және ізбес суы бар. Ол кесілген алманың планета атмосферасында өзгермегенін, ізбес суының лайланбағанын, ал малахит қобдишасын қыздырғанда қызыл түсті ұнтақ пайда болғанын байқайды. Ғарышкер қандай қорытынды жасады?
Есептің шешуі:
(CuOH)2CO3CuO + H2O + CO2
CuO + H2Cu + H2O
Мағынаны тану:
«Кім жылдам» ойыны
1)Адам алқанында бақитын металл?
2)Қанның құрамына кіретін металл?
3)Ең созылғыш металл?
4)Консерві қалбыры қандай металдан жасалады?
5)Дұрыс пайдалансаң емдейді, бұрыс пайдалансаң мүгедек етеді?
6)Ең қатты металл?
«Үндемес» ойыны
Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды.Олар оксид, сульфид, пирит әртүрлі тұздар түрінде кездеседі
Қазақстанда кезесетін металдардың кен орындарын картадан көрсету
Қара және түсті металлургия картасы
Химиялық диктант
Химиялық диктант
Металдар туралы мақал-мәтелдер айту
1)... еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер
1)От көмірді жейді,
... темірді жейді
1)Ескі мата бөз болмас,
Ескі ... біз болмас
Тарихшы:
Химик
Металдардың сыртқы электрондық қабатында 1-ден 4-ке дейін электрондар болады. Металдар тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.
Fe + SFeS
22 MgO
2SO4CuSO4 + SO2 + 2H2O
3 Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O
2 + H2
2SO4ZnSO4 + H2
Биолог:
Тірі организмдердің жасуша құрамында микроэлементтер түрінде темір, мыс, қорғасын кездеседі.
Fe – 0,01-0,10;Cu – 0,002;Pb – 0,0001
Темір өсімдіктер, жануарлар, адам организмінде болады. Ол негізінен оттекті тасымалдауға және организмде электронның орын алмасуына көмектеседі. Егер организмде темірдің мөлшері жетіспесе, қан азаяды. Қан аздық ауруына құрамында темірі мол алма, нәруызға бай сүт, айран, құрт жеу керек және темір тұздары қосылған дәрі қабылдау қажет.
Қазақ тілі маманы:
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар
Солардың ең артығы немене екен?
(Темір)
Сұрақтар қойылып, талдау жасалды.
1. Темір периодтық кестеде қайда орналасқан?
2. Темірдің адам тіршілігіндегі пайдасы қандай?
Ой толғаныс:
1. Өзіндік жұмыс:
1-нұсқа. Есептер шығару
1.Ca---Cao---Ca(OH)2—CaCl2
2.Массасы62 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есептеңдер.
Сабақта игерілген білімді бекіту
Үлестірмелі топтамалар және тест арқылы оқушылардың білімдерін тексеру
Тест
«Металдардың жалпы қасиеттері»
1)Жер қыртысында ең көп таралған металл:
1. Темір2. Титан3. Мыс4. Кальций
2) Тек металдар орналасқан қатарды көрсетіңіз:
1. Са, Zn, Cr2. B, As, Te3. O, S, Se4. Pb, Sn, Si
3)Металдарға тән емес физикалық қасиет:
1. Электр өткізгіштігі2. Жылу өткізгіштігі3. Созылғыш, иілгіш
4.Жылу өткізбейтіндігі
4) Ауады тотықпайтын металл:
1. Na2. Au3. Al4. Mg
5) Натрий суда ерігенде түзілетін заттардың бірі:
1. Натрий оксиді2. Натрий гидрооксиді3. Натрий гидриді
4. Натрий пероксиді
6) Сілтілік металдар атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің жалпы электрондық формуласы:
22. ns13. ns2 np14.ns2 np2
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1.Металдар тарауын қайталау
2.№ 3, 4 есептерді шығару
3.“Жеті ғаламшар – жеті элемент” тақырыбында реферат жазу
Қорытынды: Қазіргі таңда оқу- тәрбие ісінің тиімділігін арттыру үшін пәндерді кіріктіруге, өмірмен байланыстыруға назар аудардым.Бүгінгі металдар тарауын қайталауда осы әдістерді қолдандым.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.42 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |