Конспект по информатике не тему "Ақпарат" (5 сынып)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бошкаева Альмира Мектепбайкызы
|
Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен
қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру .
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру .
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және
онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-
экономикалык, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен
қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1.статикалық (тұрақты) немесе динамикалық
2.алғашқы (кірістік), туынды (аралық.) немесе
3.басқарушы және мәлімет беруші;
4.объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік(анықтық),
бағалылык; маңыздылық(актуалдык), айкындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өндеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін корғап, иісті белгілер калдырып кетеді.
Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Акпарат кабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі,
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
• Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
•Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
•Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
•Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық
процестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері: арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Тапсырмалар:
Жұмыс дәптеріндегі 1.1.1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
•Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
•Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
•Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
•Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
•Адам ақпаратты қалай сақтайды?
•Жеткізушіден қабылдаушыға ақпарат қалай беріледі?
•Қандай процестерді ақпаратттық процесс деп атайды?
•Қатынас тілі дегеніміз не?
•Қандай тілдерді білесіңдер?
•Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?
Үй тапсырма: 3-бет. 1.1 тақырынты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.1.7, 8, 9 тапсырмаларды орындау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46.5 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |