Конспект по казахской литературе на тему М. Мукатаев поэма"Аққулар ұйықтағанда"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:   М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы. Жырдың сюжеті мен композициялық құрылысы.

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Сезіммен өлең  өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау,ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру,поэманың тақырыбы мен идеясы компазициясы туралы теориялық білім беру

а)  Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту,қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету.

ә) Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиеті,киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

 

2. Дамытушылық:Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру,өз ойын дұрыс тұжырымдап,дәлелмен жеткізе білуге,еркін сөйлеуіне дағдыландыру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

 

3.Тәрбиелік:Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға,көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап,сұлулығын сезіне қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып,экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: Интеграциланған (дамыта оқыту)сабағы.

Пәнаралық байланыс: география

 

Сабақ көрнекілігі:ақын суреті,техникалық құралдар,компьютер, суреттер,көрініс,сызба- кестелер.

Сабақтың әдіс-тәсілдер:

 

Компазициялық жоспар (сызба кесте)-талдау.

1.     Шығармашылық ізденіс бағытында:“Дебат-пікір- сайыс ”.

 

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру.

1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(С.Тұрысбеков “Көңіл толқыны ” ойналады)

2.Мәнерлеп оқу: “Мұқағалидің өлеңі”

 

II.Үй тапсырмасын пысықтау.

Ойшақыру “Менің Мұқағалиым”атты үй тапсырмасын сұрау.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 37.21 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 136

Похожие материалы