Конспект по теме " Алмажан Азаматқызы "
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каниева Гулден Умиртаевна
|
Алмажан Азаматқызы
·
Алмажан Азаматқызы Батыс Қазақстан, Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін құмында1823 жылы туған.
Қай жылы өлгені жөнінде мәлімет жоқ. Әкесі Азамат 1836-1837 жылдардағы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, сол көтерілісте қаза тапқан. Азаматтан Алмажан деген қыз (Алмаш ), Төрежан деген ұл қалады.
Алмажан жасында ақын қыз атанып, өз жанынан өлең шығаратын болады. Ол жөнінде бұрынғы Бөкей ордасының қазақтары арасында әр алуан аңыздар бар. Кейбір аңыздар ертегіге айналғанға ұқсайды. «Өлең дарыған», «Түсінде Ерпалуан әулие аян беріп, толға депті. Ертеңіне-ақ сөйлеп қоя беріпті» т.б. Қысқасы, ол қандай тақырыпқа болсын, мейлінше тез шығарып айта алатын, қабілетті болған.
Алмажаның шығарған өлең-жырлары көп болса да, оның өз атын сақтап, біздің дәуірімізге жеткен шығармасы - «Жетім қыз» атты поэма.
Поэма Алмажанның өз атынан сөйленеді. Шешесі бұрын өліп, бір қыз, бір бала әкесінің тәрбиесінде болады. Әкесі көтеріліске қатысып, қайтыс болғаннан кейін, мал-мүліктің иесі қыз бен жас бала болып қалады.
Нарын құмындағы елді билеген тоғыз би Алмажанның мал-мүлкіне көз тігеді. Өзін тоқалдыққа алмақшы болады. Қайратты ақын қыз бұған қарсылық білдіріп, ханға арыз айту үшін жас інісін қолынан жетелеп, Нарыннан ханның ордасына - Жасқұсқа - жол тартады. Қыз кетерінде өзінің қарт атасына келіп, билерден көрген жәбірін жыр етеді. Тоғыз биден қорқып, бір адам да қыз балаға ере алмайды.
Бұрын алыс жолға шығып көрмеген қыз бен жас бала адасып, көп мехнат шегеді. Сөйтіп жүріп хан қорығына тура келеді. Оған ханның рұқсатынсыз ешкімнің кіруіне болмайтынын, өз бетімен барушылар жазаланатынын еститін қыз бір пәледен екінші пәлеге жолықтым деп ойлайды. Қалың жынысты хан қорығы құмдардан гөрі де қиынырақ соғады. Өстіп, қатты сасып тұрғанда, оларға Сағитжан деген әкесінің ескі досы кездеседі. Қыз танып, өзінің хал-жайын түсіндіріп, хан ордасына апарып салуын сұрайды. Сағитжан қыз бен баланың мүшкілдік халін көріп, қолынан келген көмегін көрсетеді. Екеуін ханның ордасына алып барады. Хан ордасына келгесін де, Алмажанның ісі оңына келмейді. Мұндағы билер де Нарындағы тоғыз биден олқы соқпайды. Арыз айту үшін алыстан арып-ашып келген қызды тәлкекке салып, ханға жібермейді. Алмажан олардың да жауыздық ойларын әшкерелейді. Поэманың қысқаша сюжеті осылай аяқталады.
Алмажан (Алмаш) Азаматқызы әдебиет тарихына бірінші рет енгізіліп, оның шығармалары енді ғана зерттелгелі отыр. Оның өлеңдерінен қолда бары - жоғарыдағы аталған «Жетім қыз»1 поэмасы. Басқа өлеңдері әлі қолға түскен жоқ. Осы бір поэмасымен де оны әдебиет тарихына енгізу әртүрлі себеппен орынды тәрізді.
Бірінші, қазақ халқының тарихында даңқы жер жарған талай ақын қыздардың болғанын оқушылар жұршылығы жақсы біледі. Сара, Жантолы, Рысжан, Жібек, Тәбия т.б. Бұлардың ақындығы, шешендігі халыққа мәлім. Топтан озып шыққан саңлақтармен айтысып, талайын сүріндіріп кеткендері де аз емес. Бірақ сол ақын қыздардың аттары тек айтыс өлеңдерде ғана кездеседі. Ол әлеуметтік мәні бар, жеке тақырыптарға шығарған не лирикалық, не эпикалық жанрда өз аттарымен сақталып қалған, әлеуметтік өте бір керекті мәселені қамтыған қазақтың бірінші қызы. Жасы жас болса да, оның «Жетім қыз» атты поэмасының авторы болуы және сол авторлығы ел есінде сақталып, біздің дәуірімізге жетуі, оны әдебиет тарихына енгізудің керектігін талап етеді.
Екінші, Алмажан поэмасы Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісімен тікелей байланысты. Көтерілістің алғашқы жеңілген кезіндегі бір эпизодын және ол жеңілістің халықты қандай дәрежеде күйзелткенін, сонымен қатар хан, сұлтан, билер көтеріліске қатысушыларды қалай жәбірлегенін көрсетеді. «Жетім қыз» поэмасы Махамбет өлеңдеріндегі суреттелетін өмір шындығын растап, дәлелдей түседі.
Үшінші, біз XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетімізде екі түрлі әдеби бағыт болды десек, оны бір адам ғана жасаған жоқ. Әдебиет тарихында белгілі бір әдеби бағыт болса, сол бағытты бастаушы, негізін салушы өлең шығарушылар да болды.
Идеялық бағыты, көздеген мақсаты, көркемдік ерекшеліктері, тілі бір-бірімен сабақтас бірнеше ақындардың болуы ғана әдебиет бағытын не әдеби стильді туғызатындығы - белгілі қағида. Егер сол дәуірдегі әдеби бағыттың басы, негізін қалаушы Махамбет десек, Алмажанды сол бағытқа тек үн қосушы ғана емес, үлес те қосушы ақын деуге болады.
Төртінші, оның поэмасы көлемі шағын болса да, өз кезіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлармен байланысты туған және соны шебер суреттейтін, шын мәніндегі көркем поэма. Міне, осы жайттардың жиынтығы келіп, басқа ақындармен қатар, Алмажанның да әдебиет тарихына енгізілуі керек екендігін дәлелдейді.
Біз жоғарыда оқиға автордың өз атынан баяндалады дедік. Бірақ ол түгелдей жалаң баяндаудан құрылмайды. Айтайын деген ойына, көрсетейін деген өмір құбылысына сәйкес, суреттеулердің әр алуан түрлері де жиі ұшырайды.
1Жұлдыз, 1959, №1
Поэма - нақтылы өмір шындығы. Алмажан өзінің билерден көрген зорлық-зомбылығын, басынан кешірген ауыр халін, күйінішін, сондай қиын-қыстауда басқалардың өзіне деген көзқарасын өз қалпында әдемілеп айтып береді. Тарихи жағдай, әр алуан өмір құбылысына терең бойлап, кеңінен шолып қорытуды Алмаш мақсат етіп қоймайды. Одан оны талап ету де артық болар еді. Ол өзінің көргенін, сезгенін ғана суреттеген. Соның өзінен де сол кездің шындығы айқын көрінеді.
Ең алдымен, 1837 жылы Исатай, Махамбет бастаған көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, ханның бұйрығы бойынша, көтеріліске қатысушылардың өздерін ұстап, Орынбор, Сібірге айдату, мал-мүлкін конфескелеу шарасы қолданылды. Жергілікті жерлерде мұны орындаушылар ханның сенімді билері еді. Олар хан бұйрығын орындаумен қатар, бас пайдаларын да ұмытқан жоқ. Бұйрықты бетке ұстап, өз қалта, өз құлқындарын да қамтыды.
Нарындағы тоғыз би туралы:
Бар сенгенім тоғыз би,
Өзіме қарай тап берді,
Қорғалауға қара таппадым,
Шағайын енді кімдерге?
Атамнан қалған малды алдың,
Мойныма қой кінәмды,
Жазығым не, билер, сіздерге?
Атаңа нәлет тоғыз би,
Адастырды-ау жөнімнен.
Адастырған емей немене,
Зорлық етіп айырдың
Ата бір қоныс жерімнен.
Сөйлесе билер сөз қалмас,
Алмаш сынды көрімнен.
Екі бірдей жетімді,
Жайсыз жерде жылаттың,
Қорқыныш жоқ, тоғыз би,
Нәубетті кезек өлімнен...
Атамнан қалған малды алдың,
Ең болмаса, тоғыз би,
Шыдамадың қырқына-ай...
Нарындағы тоғыз би Алмаштың малын ғана алып қоймайды, сонымен қатар оған рухани жәбірлер де көрсетеді. Әуелі алдап, арбап қармағына түсірмекші болады. Інісін шаруаға салып, өзін тоқалдыққа алуды ойлайды. Бұл жаман ойларын түсінген қайратты қыз айтқандарына көнбегенсін, олар зорлауға көшеді.
Атасымен қоштасар жерде айтқан сөзінде:
Атаңа нәлет тоғыз би,
Қызылы сөнбей сәуленің,
Жетімге келіп қол салып,
Дұшпанға қойды табаға.
Билерден қорлық көргенсін,
Шыдамай кетіп барамын,
Төрежан сынды балаға...
Қызымен жасты Алмашты
Аламын деп тап берді.
Нарындағы тоғыз залымда
Ойласам, ата, дін бар ма?..
Поэманың бас қаһарманы - Алмаштың өзі. Атасына, әкесінің ескі досы Сағитжан ноғайға және ордадағы ханның билеріне айтқан оның сөздерінен қыздың басына түскен ауыр хал де, өзінің ақыл-қайраты да, билерге деген өшпенділігі де, ой-санасының сәбилігі, нанғыштығы да жақсы көрінеді.
Алмажан жас. Өмір тартысының көп жақтары оған әлі түсініксіз. Сондықтан ол ханда әділдік бар деп сенеді. «Жауыздықты жасаушы билердің өзі, оған ханның қатысы жоқ. Ханға барсам, ісім жөнделеді», - деп ұғады. Шынында, бұл тәрізді іс-әрекеттердің түп-тамыры сол ханның өзінде жатқанына оның көзі жетпейді.
Сөздеріне қарағанда, Алмажан албырт, ержүрек қыздың бейнесін аңғартады. Тоғыз бидің қаһарынан қорқып, басқалар оның маңына жоламайды, өзінен басқа сүйенері де, сенері де жоқ қыз тоғыз биге қарсы күреске шығады. Алыс жол, сусыз шөл не қиындықтар алдында тұрса да, ол кешегі Азамат ердің қызы болғандықтан, намысын аяққа бастыруды өзіне ар көреді. Оның жас інісіне айтқан сөздерінен бұл жайттардың бәрі де толық аңғарылады:
Толықсыған көңілім
Басылмайды, қарағым,
Тоғыз биден кек алмай.
Атаңа нәлет тоғыз би,
Қаңғыртып бізді жіберді-ау,
Дүние-малды көре алмай.
Билерден қорлық көрген соң,
Келемін іздеп Жәңгірді:
Жата алмадым үйімде
Ел-жұртымнан ұялмай...
Жол мен шөл қиыншылығына шыдай алмай, зарыққан інісін жұбатқанда да, әкесінің атына кір келтірмеуді бедел тұтып:
Тар жерде жылау лайық па,
Азамат ердің баласы,
Төрежан деген басыңа, - дейді.
Алмажанның әкесі қатардағы жай адам ғана емес, санаулы ерлердің бірі екендігін Алмажанның Сағитжан ноғаймен сөйлескенінен көруге болады:
Кешегі кеткен ер әкем,
Ерлігін оның сұрасаң,
Ер Әліден кем емес,
Өз дегені болмаса,
Пенденің тілін алмаған.
Ақылы артық арыстан
Озып еді байтақтан
Үзілсе арқау жалғаған.
«Жетім қыз» поэмасында өмір шындығының ерекше көзге түсетін бір эпизоды Алмажанның хан ордасына барып, ондағы билермен кездесуі деуге болады. Жауыздықтың ордадан алыс жатқан Нарынды ғана емес, ханның өз айналасында бар екенін Алмажан бірден ұғынады. Ханға шағымын айтып, тоғыз биден теңдік аламын деп келген қызға зұлымдықтың ең күшті түрі осы хан орданың маңында екендігі анықталады. Алмажан орданың маңындағы билерге айтқан сөзінде:
Елім бір көшті талдауға,
Талдаудың түбін барлауға.
Сұрамай жөнімді ұстадың,
Екі бірдей жас жетім,
Көрінді ме оп-оңай,
Билерім, сізге алдауға.
Алыстан іздеп келгенде,
Сендерден қорлық көргенім.
Нарындағы тоғыз залымнан
Құтылдым деген сұм басым,
Қайтадан түстім байлауға.
Ай жалыны айда екен,
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 43.33 Kb |
Количество скачиваний: | 99 |