Конспект урока математики "Арифметическая прогрессия"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ошакбаева Гульзайра Култасовна
|
Бұл сабақ 9 сынып оқушыларына арнап жазылған. Сабақ жоспары алгебра пәні бойынша жазылған. Сабақтың тақырыптың Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: Білімділік мақсаты: оқушыларды арифметикалық прогрессия ұғымымен таныстыру, прогрессия туралы түсінік беру,арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, арифметикалық прогрессияның қасиеттерімен таныстыру, арифметикалық прогрессияның айырымы ұғымымен таныстыру, арифметикалық прогрессияның графигімен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: меңгерілген тақырыпты есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, есте сақтау және логикалық қабілеттерін дамыту, жылдам есептеу машығын дамыту, nәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету; математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету; оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; балалардың дүниетанымдық белсендігін арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру, болжауын, білімдарлығын, ойын тез және анық тұжырымдап айта алу, логикалық пікірлер айта алуы, алған білімдерін өмірде қолдана алуы. Тәрбиелік мақсаты: өзара көмек көрсетуді қалыптастыру, бір-біріне жақсы тілекте болу, сыныпта бірін-бірі тыңдауға, ортақ іске барлығы бірдей жұмылуға, ұжыммен жұмыс жасай алуға; оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыпты және жауапты болуға, пәнге қызығушылықпен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу Оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аудиофайл арқылы баяндау, иллюстративті-түсіндірмелі, проблемалық сұрақ қою арқылы оқыту, практикалық тапсырмалар орындау арқылы, ауызша сұрақтар беру арқылы. Жүргізілетін жұмыс түрлері: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс. Қолданылған көрнекі құралдар: компьютер, интерактивті тақта, флипчарт, аудиофайл, дәптер, оқулық, интерактивті қалам, тестілеу құрылғысы, сөздер жазылған плакаттар флипчарт түрінде, ноутбуктер Қолданылған технология: ақпараттық коммуникативтік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология, денсаулық сақтау технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 13.22 Mb |
Количество скачиваний: | 4 |