Конспект урока по математике для 8 класса "Теңдеулерді квадрат теңдеулер арқылы шешу"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Оспанбекова Гулназира Курумбаевна
|
Тақырыбы: Теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешу. Мақсаты: 1) Квадрат теңдеулерді формула арқылы шешуге есептер шығару; 2) Әр түрлі теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіріп шешуге машықтандыру; 3) Өз бетімен ізденіске, белсенділікке тәрбиелеу; Сабақ түрі: аукцион. Көрнекілігі: лот-сұрақ, карточкалар, рұқсат белгі, формула плакаттары, ақша ретінде қағаз карточкалар. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Ойын тәртібі: Сынып төрт топқа бөлінеді.Әр топтың брокері, бухгалтері болады.Аукционға қатысушылар 30 жылдық өсіммен 100 000 теңге қысқа мерзімдік несие алады да , аукцион соңында 130 000 теңге банкке қайтаруы керек.Ойынға қатысушылар кез-келген лотқа қатысуға рұқсат номер алады.Қатысушылар ақшасы таусылған жағдайда 50 жылдық өсіммен тағы да 100 000 тг несие алуына болады.Ойын соңында оқушылар қолдарындағы ақшаларын санайды, қай топтың қалған ақшасы көп болса сол топ жеңімпаз болады. Ойын 3 турдан тұрады:1-тур Ашық лот. Мұнда сұрақтар қойылады.2-тур Жартылай жабық лот. Сұрақтар тек сипатталып айтылады.3-тур Жабық лот. Белгісіз сұрақ. Әрбір лоттың бастапқы бағасы 100тг. Саудаласу деңгейі 50 тг.Лотты сатып алған топ сатып алған бағасын төлейді.Дұрыс жауап берген топқа сұрақтың деңгейіне байланысты ақшалай сыйлық беріледі.Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе банкке 1000 тг көлемінде айыппұл төлейді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.84 Kb |
Количество скачиваний: | 6 |