Конспект урока по биологии для 6 класса "Алқа тұқымдастар"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Камытпаева Мира Ергазиевна
|
Сынып: 6 «а» Пән: Биология Сабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысының ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты: Алқа тұқымдас өсімдіктердің негізгі белгілерімен және гүлдерінің, жемісінің құрылысымен, вегетативтік және генеративтік мүшелерімен танысу. Білімділігі: Оқушыларды алқа тұқымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлілігі мен маңызын көрсету. Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық деңгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: Оқушыларға алқа тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп, табиғатты аялауға оған түсінікпен қарауға оқушылардың табиғи-ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру. Сабақтың типі: аралас сабақ, ішінара ізденуші Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек сызбалар, баяндау, түсіндіру, тест. Құрал- жабдықтар: гербарий, таратпа материалдар, слайд, карточкалар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.1 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |