Конспект урока по казахскому языку на тему "Сан есім" (2 класс)
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Омарова Анара Габдулманаповна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сан есім. Жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты. оқушылардың сан есім туралы алған білік, білім дағдыларын еске түсіру, шығармашылық ойлау қабілетін граматикалық тапсырмалар арқылы, теориялық ойлауын, тілін дамыту.
Дамытушылық: шығармашылық қабілетін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау.
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайдтар.
Сабақтың өту барысы
1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық
- Балалар, біздің әр өткен сабағымыз- қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашады. Шашу- тілек, береке. Көпшілік қауымға бақыт, молшылық тілеп, мен де сіздерге шашу шашайын . Ол жай шашу емес, сұрақ-шашу. Сонымен, дайынбыз ба?.( шашудың сұрақтары)
1. Сан есім дегеніміз не?
- /Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз/
2. Сан есім нешеге бөлінеді?
-/Сан есім мағынасына қарай екіге бөлінеді : есептік және реттік/
-/Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді: Дара және күрделі/
3. Есептік сан есім дегеніміз не?
-(Қанша? Неше? Сұрағына жауап беріп, заттың нақты санын білдіретін сан есімді есептік сан есім деп атаймыз.)
4. Реттік сан есім дегеніміз не?
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 196,0 КБ |
| Количество скачиваний: | 27 |