Конспект внекласного урока на тему енбектин наны татти
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Спанова Гульжамила Канибековна
|
Разработка внекласного урока на тему труд, каруглый стол обсуждение на тему труд. Участники учителя, врач, фермер.
Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларға кәсіби бағдар беріп, оны өмірде қолдана білуге
үйрету. Өз ойларын ашық айтуға , бір-бірін тыңдауға, пікірлерімен
санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: 1. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
2. Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну,
іскерліктерін дамыту;
3. Еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап, әңгңмелесу
Сабақтың түрі: дискуссия
Сабақтың ресурстары: Проэктор, сурақтар мен тапсырмалар, диск.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру
ІІ. Сұрақ – жауап жүргізу
ІІІ. Мақал – мәтелдерді талдау
ІV. Сабақты қорытындылау
І. Ұйымдастыру
1. Қатысушылармен сәлемдесу
2. Қонақтарды таныстыру (4 а, 4ә, 4в, 4г сынып оқушылары мен олардың ата – аналары, көрермендер. Әр сыныптан 2 оқушы және 1 ата – ана. Ата – аналар әр түрлі мамандық иелері болады: дәрігер, мұғалім, бизнесмен, полиция қызметкері, )
Әңгіме жүргізу үшін тақырыпқа байланысты фильм көрсету ( әр бір мамандық туралы қысқаша бейне филь көрсету)
- Балалар барлық мамандық өмірде қажет деп ойлайсыңдар ма ?
(оқушылар өз жауаптарын береді)
ІІ. Сұрақ – жауап жүргізу
Мына сауалдар арқылы өз ойымызды айтып, әңгімелесейік.
1. Адамға еңбекқорлық не үшін қажет деп ойлайсыздар ?
2. Сіздер мамандықты қалай таңдадыңыздар ?
3. Қиындықтар болды ма ?
5.Өз еңбектеріңіздің жемісін көрдіңіздер ме және қандай сезімде болдыңыздар?
6. Сіздер мектепте қалай оқыдығыздар ? Жақсы маман иесі болып, соның нанын жеу үшін
жақсы оқу керек пе?
7. Жұмыспен бірге бала тәрбиесін қалай алып жүресіздер ?
8. Өздеріңіздің балаларыңызға осындай табыстарға қалай жеткендеріңізді айтып отырасыздар ?
Оқушыларды кәсіпке баулу - заман талабы
Қонақтармен әңгіме жүргізу
- Оқушыларға адам еңбегі туралы жол көрсетуші ретінде не айта аласыздар ?
- Қандай өмірден мысал келтіресіздер ?
- Қиындықты қалай жеңу керек?
Оқушыларға сұрақ – жауап жүргізу
- Өмірдегі еңбектенетін адамдар жайында не айта аласыңдар ?
ІІІ. Мақал – мәтелдерді талдау
Оқушыларға еңбек туралы мақал - мәтелдер айтқызу
ІV. Музыкалық үзіліс:
Оқушылардың орындауында ән тыңдату
V. Дәйексөз
Өмірдің мәні еңбекте
(дәйексөзді талқылау)
ІV. Сабақты қорытындылау
Қонақтарға берілген сөздерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпты қорыту.
( өмір, нан, уақыт, жетістік, )
- Біздің мектептің оқушыларына не тілер едіңіздер?
(қонақтар өздерінәң тілектерін айтады)
- Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! Сіздерге арнайы сыныбымыздың атынан жасаған жүрекшелерімізді қабыл алыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 128 Kb |
Количество скачиваний: | 4 |