Конспекты мектепалды даярлық топ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ойын – мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір

түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау,  мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды,сабаққа деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында балаларды жаңа қырынан тануға болады, бала өз ойын,өз пікірін білдіреді, бір – бірімен тез қарым- қатынасқа түсіп, жағымды эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді.Мысалы: Логикалық тізбек ойындар логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс- қимылдар    

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.73 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 99

Похожие материалы