Конституция -ата занымыз

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
        - Қымбатты оқушылар мен ата-аналар! Бүгінгі Білім күні құтты болсын! №11 мектептен бастауыш сыныбын жақсы ойдағыдай бітіріп, біздің №8 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебімізге қош келдіңіздер! 2. Білім күнімен құттықтау сөз.  Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемелары ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субьектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.  З. Мектеп ережелері туралы түсіндіру. 1.     Білімді, оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру. 2.     Жалпыға пайдалы іс үшін адал еңбектену мен өнімді еңбек етуге қамдану. Болашақтағы мамандығын таңдай білу. 3.     Мектеп пен сынып оқушыларының өзін – өзі басқару жұмысына белсене араласу. 4.     Туған өлке табиғатын сақтау, мектеп мүлкі мен халық мүлкін қорғау. 5.     Оқуды, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, үйірмелерге қатысып жүру. 6.     Тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл бол! 7.     Көшеде жүру, өрттен сақтану және тәртіп туралы ережелерін қатаң ұста! 4.  Мемлекеттік рәміздерді жеткізу. Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?   Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.   Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері. Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?          Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.          Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.         Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді. Қорытынды Мұғалім: Биыл Конститутцияға 18 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 242 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 140

Похожие материалы