Коргалжын корыгы кокиказ мекени
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Бейсенбекова Нұргүл Рахметқызы
|
Қоқиқаздар – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы және қоқиқаздылар тұқымдасының жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.
Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр.1972-1976 жылдары бұл жерде 5-9 мыңнан,ал 1979 жылы54 мыңға дейін қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары – ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді. Тұмсығы орта тұсынан бірден төмен қарап иіледі де қойқиып тұратындықтан “қоқиқаз” деп аталған.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.87 Mb |
Количество скачиваний: | 123 |