Котлет массасын даярлау және одан алынатын шала фабрикаттар

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

                                         Сабақ   жоспары  №4.5

 

  Сабақ  тақырыбы: Котлет  массасын  даярлау  және  одан  алынатын

                                   шала   фабрикаттар

Білімділік мақсаты: Сиыр  және қой етінен котлет массасын даярлау технологиясын меңгеру, одан алынатын шала фабрикаттарды қалыптау,                                                                         білім дағдыларын қалыптастыру                          

Дамытушылық мақсаты :  Мамандығына деген қызығушылығын арттыру іскерлікке бейімдеу алған білімдерін тәжірбие жүзінде қолдана білу.

Тәрбиелік мақсаты:Мәдениетке,  тазалыққа, топта бірігіп жұмыс

                                           істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Аспаздық өнімдер тақтайшалар Ш Е пышақтар, еттартқыш, таразы  плакат: «Қой сиыр ұшасын бөліктеу»

                                                  Технологиялық карталар.

Сабақтың түрі: Бастапқы еңбек тәсілдерін меңгеру сабағы.

 

Уақыт мөлшері: 6 сағат.

 

 Сабақтың әдістемелік мақсаты: Өндірістік  оқытуда  ақпараттық  - коммуникациялық  технологияны  қолдану

 

                                                  Сабақ  барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі: 3 мин

       а) Оқушылардың  сабаққа  дайындығын  тексеру  және  олардың  назарын зейінін  аудару  мақсатында: «Жаман тағам жоқ- жаман аспазшы бар» сол  себепті  болашақ  аспазшылармен  ашық  сабаққа қатысушы  қонақтарды  қол  соғып  қошеметтейік

 

II. Кіріспе  нұсқау : 30 мин

          № 1 Слайд- Алғашқы  адамдар

     №1 Слайдты  көрсете  отырып  түсіндіру  - бұл  азық  адам  баласының толық  мөлшерде  тамақтануының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. Осы  азықты  мыңдаған  жыл  мерзімде  пайдаланып  келсе  соған  сай  отын көзінде  жаратып  келген  еді. Осы азықтың  арқасында  адамзат  бойына  күш еніп төзімділік  дарыса  дене  бітімі салмағы  ұлғайып, тіпті  ақыл парасатының  дамуына  орасан  зор  түрткі  болды. Ең  бастысы  азықта  ақуыз  көп,  алғаш  рет бұл азық отын жану арқылы дайындалды.  Сол себепті адамзат  сол бір жануарлар дүниесінен бөлініп шығып саналы түрде өмір сүре бастады. Қазіргі кезде  елбасының қолдауымен нақты жоба дайындалып іске асырылуда, яғни  бұл қай азық? (Ет)  Иә бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қой және сиыр шошқа еттерінен дайындалған шала фабрикаттар. Сабақтың мақсатын хабарлау.

 

     № 2 слайд(котлет массасынан дайындалған аспаздық шала фабрикаттар)

     2) Котлетке қолданылатын аспаздық ет бөліктерін көрсету . Мойын, төс, көк ет, 3 ші сұрыпты  және ұсақ кесінді еттер 2 ші сұрыпты.      

    3) Еттің сапасын тексере отырып сіңір және шеміршектерден тазалау

    4)Видеороликті көрсету. Шебердің орындауында

 

    5) Технологиялық кестені талдау және түсіндіру, сабақта оқушылар ет өнімін өлшеп қалған аспаздық өнім мөлшерін соған ықшамдап есептеп шығару технологиялық карталарды қолдана отырып  №4.5

 

     6) Аспаздық шалафабрикат өнімдеріне қойылатын талаптар және ақау түрлері.

     7) Сақтау температуралары: Тоңазытқыш   шкафтарда 6-8 С12 сағаттан аспауы керек.  

     8) Қауіпсіздік ережелері бүгінгі сабақ бойынша. Аспаздық пышақтарды қолдану, еттартқышпен жұмыс істеу кезінде ескерілетін ережелер.

 

 Жаңа сабақты бекіте отырып өткен сабақты қайталау

     Дұрыс жауаптарға  жұлдызша, ұшбұрыш, төртбұрыш, белгілерін тарату және солар бойынша топтың білімдерін, іскерлігін бағалау.

1-2 топқа тест сұрақтарын беру

3-4 топ  плакатты қолдана отырып ет сүйек бөліктерінің атауын тауып орнына қою. 

5 Топ  еттартқыш құралды жинау және қауіпсіздік ережелері туралы сұрақтарға жауап беру.

6.Жауаптардың бәрін қорытынды нұсқауда ескеру.

7. Денешынықтыру 2 мин. «Көңілді күн»

 

 

                                 Ағымды  нұсқау: 5 сағат

Топты беске бөлу тапсырмалар беру.

I - ші бақылау: Алғашқы  өңдеу  және  жұмыс орнын ұйымдастыру жеке

                             тазалықты қарау.             

II - ші бақылау: Қауіпсіздік  ережелерімен  технологиялық  реттіліктің

                            сақталуын  бақылау.

III – бақылау: Оқулықтармен, технологиялық  картамен  аспаздық өнімдері-

                             мен жұмыс істеуін бақылау

IV –ші бақылау: Өзара көмек және аспаздық жартылай фабрикатты қалыптау

                                   тәсілдерін, сапасын  қадағалау.          

V – ші бақылау: Жұмыс  орнын, тазалау, ыдыстарды  реттестіру, тағамды

                             ұсыну  көркемдеу  жағына  назар  аудару.

 

 

Қорытынды нұсқау: 15 мин

Оқушылардың өз бетінше сараптамаларын және жіберген қателіктерін тыңдау.

Жалпы жіберген қателіктерге талдау  жасау қауіпсіздік ережесінің сақталуын айту, бағалау.

 

Үйге тапсырма: Котлет массасын даярлау және одан алынатын шала фабрикаттар тақырыбын қайталау.

 

 Келесі тақырып бойынша аспаздық өнімдер даярлау. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 5.12 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 210

Похожие материалы