Коучинг «Сын тұрғысынан ойлау»
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жамантаева Роза Тагаевна
|
М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жамантаева Роза Тагаевнаның 2014-2015 оқу жылында өткен «Сын тұрғысынан ойлау» коучинг сабағының рефлексивтік есебі.
Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау – маңызды мәселелерді ой елегінен өткізудің оңтайлы тәсілі.
Мақсаты: Мұғалімнің өз бойындағы сын тұрғысынан ойлау қабілетінің бар екендігіне сендіре отырып, оны іс - тәжірибеде іске асыра алатынына ықпал ету.
Міндеттері: Мұғалімдерді топтық жұмысқа қатыстыра отырып, тапсырма орындау барысында сыни ойландыру, материалды өмірмен байланыстыруына, тәжірибені ой елегінен өткізуіне түрткі болу.
Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлаудың маңызды тәсіл екенін түсінеді.
Сабақ алдын-ала жоспарланды. Сабаққа тарих,математика,бастауыш, дене шынықтыру, еңбек, ағылшын тілі пән мұғалімдері қатысты.Сын тұрғысынан ойлаудың мұғалім мен оқушы үшін аса маңызды ойлау жолы екенін анықтауға бағытталған коучинг сабағымды бастамас бұрын мұғалімдерді маркерлердің түстері арқылы топқа бөлдім және
сабақта жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында бір-біріне маркерлерді ұстап тұрып тілек айтады. Кейін тақырыпты ашу мақсатында интерактивті тақтадан иллюзиялы суреттерді көрсете отырып,суреттерде қандай бейнелер бейнеленгенін сұрадым. Иллюзиялы суреттерді бейнелей отырып,қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау деңгейін бақылағым келді. Қатысушылар суреттерді бейнелей отырып тақырыпты аша білді. Топқа бөлген кезде қолданған маркерлердің жайдан-жай қолданбағаным және екі топқа сол маркерлер туралы мынадай сұрақтар бердім:
1.Маркерлер туралы не білесіздер?
2.Маркер жазу құралы және басқа тағы неге жаратуға болады?
3.Маркерлерді неғұрлым ұзақ пайдалану үшін бірнеше
амалдарын ойластырыңыздар және қайсысы
анағұрлым тиімді екенін талдаңыздар.
4.Маркерлерді өз елімізде шығарудың жаңа жолдарын жоспарлап ойластырыңыздар.
5. Маркердің құндылығы,маңыздылығы, кемшілігі т.б. сипаттап бағалаңыздар.
Осы сұрақтарды талдап және соларға жауап бергеннен кейін, сын
тұрғысынан ойлаудың бір әдісі Блум таксономиясының алты деңгейін түсіндірдім. Осыдан кейін маркерлер туралы қойылған сұрақтарды Блум таксономиясының алты деңгейіне орналастыруын сұрадым. Екі топ өздеріне қойылған сұрақтарды біріге отырып,Блум таксономиясына орналастырды. Маркерлерге қатысты қойылған сұрақтарды қатысушылар Блум таксономиясының деңгейлеріне орналастыра білгеніне қарай отырып,оларда
Блум таксономиясының деңгейлері туралы
түсінік қалыптасқанын және оларды тәжірибеде қолдана алатынын түсіндім.
Қатысушыларды сергітіп алу үшін «Шеге» туралы видеоролик көрсеттім.Бұл видеороликті көрсету мақсатымды қатысушылар түсініп,өз ойларын айтты.Олар: «Балаларға біріншіден оқушы емес,адам ретінде қарап және олардың жүрегіне жара салмай,оларға мейірімді болу керек» деген ойларын білдірді.
Осыдан кейін әр түрлі көліктердің суреттерін екі топқа беріп және соларды постерге орналастырып, өз жұмыстарына тақырып қойып және неге көліктерді олай орналастырғанын түсіндіруін сұрадым. Екі топ өздеріне берілген тапсырманы орындап және өз жұмыстарын қорғады.Бұл тапсырма
арқылы қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамытып
және ол тапсырманы қорғауда мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болатын. Тапсырманы орындауда барлық мұғалімдер өз үлесін қосып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді және оны тарих пәнінің мұғалімі Үсенбекова Күміскүл Наубаевна мен сурет пәнінің мұғалімі Аширбеков Қуандық Медетбекович жақсы қорғай білді.
Коучинг сабағымның соңында түрлі-түсті қағаздан адам бейнесін қырқып,оған «Не білемін, нені үйрендім, нені тәжірибемде қолданамын» кері байланысын алдым.Коучинг сабағының постермен жұмыс және кері байланыс кезеңдерін еңбек пәнінің мұғалімі Алпысбаев Махмуд Шуренбаевич ұнатпады.
Ол: «Бала-бақшада істейтін баланың жұмысы» деген
пікірін айтты. Мен бұдан ол мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалардың әлі де болса әсері аз болғанын түсіндім. Мұндай пікірін сабақтың соңында айтқандықтан оның ойын өзгертуге тырыспадым.Келесі коучингте ол мұғалімнің ойын өзгертуге тырысамын және қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың қабілетін арттыруға ,шығармашылық деңгейінкөтеруге болатынын түсіндіруге тырысамын.
Коучинг сабағының соңында барлығы кері байланыс жасап,өз ойларын қағаз беттеріне түсірді.Қатысушылар сыни тұрғыдан ойлау мұғалім үшін де,оқушы үшін де маңызды екенін түсінді.
Коучинг сабағының жоспары
Сын тұрғысынан ойлау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 365.99 Kb |
Количество скачиваний: | 53 |