Коучинг : Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс (мұғалімдерге)
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Байтурсынов Нурымжан Бакытжанович
|
1 – тапсырма
Құрметті әріптес! Миға шабуыл немесе ой қозғау:
«Дарын», «Дарындылық», «Талант» деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыз?
«Сиқырлы қорапша» тірек сөздерді қолдану арқылы дарынды оқушыға сипаттама береді. (Жеке жұмыс)
2 - тапсырма (10 мин)
Танымдық процестерді түзету және дамыту тренингі:
1.Мен Сіздерге қазір сөздер оқимын соны есте сақтаңыздар «20 сөзді есіңде сақта»
1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді еске сақтау ұсынылады. Сөздерді бірақ рет оқу керек:
1. сүлгі 2. қоян 3. теледидар 4. шам 5. жүзім 6. Айна 7. телефон
8. шемішке 9. дәрі 10. көңіл-күй 11. фантик 12. парта 13. ұя 14. жылан
15. қияр 16. Күн 17. Түн 18. сағат 19. қалып 20. шелек
Сөздерді естеріңізге түсіріп жазыңыздар, сөз ретін шатастырмауға тырысыңыздар.
Жауабыңызды тізіммен салыстырып. Тексеріңіз. Егер сөз жоқ болса немесе өз орнында тұрмаса – қате деп біліңіз. Қателерді санаңыз. Неше ұпай жинағаныңызды қараңыз.
Қате жоқ – 10 ұпай
1-2 қате жоқ – 9 ұпай
3-4 қате жоқ – 8 ұпай
5-6 - 7 ұпай
7-8 - 6 ұпай
9-10 - 5 ұпай
11-12 - 4 ұпай
13-14 - 3 ұпай
15-17 - 2 ұпай
18-20 - 1 ұпай
Р3 - тапсырма нұсқаулықпен жұмыс
«Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиі
1 - нші топқа – 1 –ші зерттеу(топқа мимикамен бір нәрсені көрсету арқылы көрсеткен нәрселерін анықтауды ұсынады).
бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес бала-лар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама жасады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің жоғар -ғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым қатынас пен дене қимы лын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға жеткі лікті кең үйді жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жылдам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұ-рақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екендігі анықталды.
2 – нші топқа – 2-ші зерттеу(осы зерттеу бойынша өз практикаларыңыздан мысал келтіріңіздер)
1) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екен дігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгер -мей қалған талантты оқушының табыстылығы мен қызығушылығының төмен болғандығын, бірақ сонымен қатар оның нақты іс әрекеттердің түрлеріне қабілетті және оң көзқараспен
қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құш -тарлығын жоғарылатып және сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды
3 – нші топқа – 3 ші зерттеу (талантты балаларды айқындауда ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізетіндіктеріңізге тоқталып кетіңіздер)
үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата - аналар-ды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата аналармен ақыл ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата аналардың қарапайым сауалнама толтыруларын өтінді. Ата - аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауална -ма олардың балаларының мінез- құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойналатын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қа былдауға көмектеседі
Енді топтар нақты дәлелдер келтіреді.
Оқуға (6 мин)
Ортаға салу (7 мин)
Топтар бірігіп келісу (5 мин)
Қорытынды шығару (10 мин)
4 - тапсырма
Дарынды және талантты балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге топпен нұсқаулық әзірлейік
1. ойлануға (5 мин)
2. жазуға (10 мин)
3. қорғауға (10 мин)
5 – тапсырма «Сұрақ - жауап»
1. Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезіндегі кедергінің шығу жолдары?
2. Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер.
3. Сіздің оқушыңызда «Жұлдыз ауруы» басталса, кедергіні қалай жоясыз?
4. Сіздің дарынды немесе көшбасшы оқушыңыз мұғаліммен ерегісіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?
5. Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1- орынға лайықты,бірақ бұл орынды басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығы жоғалып қалмау үшін сіз не істер едіңіз?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.88 Kb |
Количество скачиваний: | 118 |