Коучинг тақырыбы: «Диалог тақырыбын сабақта қолдану»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 «Диалог тақырыбын сабақта қолдану» тақырыбында коучинг  өткіздім.

         Александер ( 2008) диалог  түріндегі  оқыту оқушыларды  ынталандыру және  дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға  мүмкіндік  береді деп  санайды. (МАН, 29 бет) Қазірдің  өзінде  сыныптағы  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты  үлкен  пайда  келтіретіндігін көрсететін дәлеледер жеткілікті. Олар:

·        Оқушылардың  тақырып  бойынша өз  ойларын білдіруіне мүмкіндік  береді;

·        Басқа  адамдарда  түрлі  идеялардың  болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал  етеді.

·        Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

·        Мұғалімдерге оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде  екендігін түсінуге  көмектеседі. (МАН, 29 бет)

Осының  барлығын  ескере  келе мен  осы  тақырыпқа  тоқтадым. Коучинг сессияны өткізуде көздегенім диалогтің маңызын  ашып сабаққа  оқыту  нысаны  ретінде  әңгімелесуді еңгізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

         Коучингқа әр түрлі пән мұғалімдері қатысты. Коучинг сессияда мен өз  жұмысымды  кіріспе сөзден  бастадым. Әрі қарай  «Басқаның көзімен»  тренингімен  бастадым. Мұғалімдер  жақсы  көңіл  күймен бір- біріне  гүл  сыйлап, тілектер айтты. Қатысушылар пазл  суреттері арқылы  топқа  бөлінді. Жай ғана  бөлінбей  құрастырылған  пазл   суреттері  бойынша  әңгіме  құрастырды. Содан  кейін «Сәбилер  диалогі» бейнежазбасы ұсынылды. Қатысушылар  өз  әсерлерін  білдіріп, бейнежазба  бойынша диалог құрастырды. Коучинг сабақ «Диалогтік оқыту» слайдын  көрумен жалғасты. Әр топ бірінші  жұпта, содан  кейін топ  ішінде талдап,  пікір  алмасты. Диалогтан мұғалім мен оқушы өздері үшін  не алады,  формалары, әңгіменің  түрлері  туралы  презентация  көріп менің түсіндірмемді  тыңдады. Өткен  коучингта  жіберілген кемшіліктерді жою  мақсатында, мен  топтық жұмыстарда  әр топ  мүшесіне міндеттерін : топ  басшы, тайм  спикер, хатшы,   спикер  міндеттерін жүктеп  бердім. Әр  қатысушы  өз  міндетін  толық  атқаруға  тырысты. Әр  топқа бір  мәтіннен  беріп, мәтіннің әңгіменің қай  түріне  жататынын анықтап, сахналау тапсырмасы  берілді.

         «Диалогтік оқыту деген не?» тақырыбы  бойынша  әр  топ постер  жасап, коучингтан  алған  білімдерін  көрсетіп,  қорғай  алды. Коучингтің  өту  барысында  таймер  тиімді  пайдаланып, коучинг  жоспарланған  уақытта өз мәресіне жетті. Мен уақытты  жоспарлы  түрде  пайдалана  білдім,  сондықтан жұмыс қызықты және  нәтижелі  болды. Топтық жұмыстың қорытындысы  ретінде  тұзды түрлі- түсті бормен бояп, тілектерін  айтып, құмыраға реңіне сәйкес салынды.

         Өткізілген  коучинг  бойынша қатысушылар өз  ойларын  стикерге  жазып,  ағашқа  жабыстырды.

         Осы  коучингтан  мұғалімдер жақсы  әсер алып, диалогтік оқыту  тәсілін  меңгеріп,  сабақ  беру  әдістерін өзгертеді  деген  ойдамын.

 

         

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.07 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 152

Похожие материалы