Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Білімділігі: Көпбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуге және геоме-

триялық фигураларды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін,зейіндерін,шығарма-

шылық белсенділігін дамыту, ауызша санау, логикалық ойлауын,

байқағыштығын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа,ептілікке баулу.Ұлттық ойындарды

насихаттауға, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты

сүюге тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: топпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: құстар макеті,ұя, асық,орамал,геометриялық фигуралар,суреттер.

Құрал-жабдықтар: ақпаратты технология,үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,технология,ана тілі.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа дайындығы).

Психологиялық дайындық.

«Көңіл ашар» жаттығуы.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да,

Шуақты көктем нұр төгіп

Көңілді кетті көтеріп.

Оқушыларға жыл мезгілін айтқызып, табиғатта қандай өзгерістер болатынын,келетін жыл құстарын атап, оларды қалай қарсы алатынын айтқызу. (Көктем мезгілі, құс мезгілі, құстардың ұшып келе жатқан суретін слайдтан көрсету, даусы)

Бүгінгі сабақта жыл құстарын қарсы аламыз және әрқайсысының тапсырмалары бар, орындау арқылы құстарды өз ұяларына қондырамыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Жұмбақ шешу арқылы құстың атын табу.

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін.

-Бұл қандай құс, балалар?

(Қараторғай)

Енді осы құстың даусын тыңдайық.

Сонау алыстан бізге қараторғай қонаққа келіпті. Оның бізге екі тапсырмасы бар екен.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-тапсырмасы: «Ханталапай» ойыны . Бұл қазақтың ұлттық ойыны.

Асықпен ойналатын ойын. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар жылдам жиып алулары керек.Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 59.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 161

Похожие материалы