«Күрделі функцияның туындысын табу»
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Каримов Ерканат Камысбаевич
|
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы «Білім бөлімі» ММ
«Өмірлік орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Күрделі функцияның туындысын табу»
Сыныбы: 10
Мерзімі: 04.02.2014 жыл
Пән мұғалімі: Каримов Ерқанат Қамысбайұлы
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Күрделі функцияның туындысы»
Сабақтың мақсаттары:
а) оқушыларға күрделі функция ұғымын, оның туындысын есептеу формуласын меңгерту;
ә) ойлау жүйелілігін және талдау , салыстыра білу қабілетін дамыту;
б) іздену, бақылау арқылы оқушылардың дүние таным қабілеттерін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: тақырып бойынша таблицалар (туынды табу ережелері, туынды табу формулалары), жаңа сабақ бойынша мысалдар, тест тапсырмалары.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
Сабақтың жоспарымен, бағалау шкаласымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
«С» деңгейінің №209 есебі.
III. Жаңа сабақ.
а) Туындының көмегімен күрделі теңдеулерді шешуге, физикада жылдамдық пен үдеуді есептеуге, геометрияда жанаманың теңдеуін анықтауға және де білімнің басқа салаларында да пайдаланылады.
Осы уақытқа дейін элементар функциялардан туынды алып үйрендік. Бүгінгі сабақта күрделі функция ұғымымен және оның туындысын есептеу формуласын пайдаланып есептер шығаруды үйренеміз.
б) y=f(x) функциясы берілсін. Оның анықталу облысы uϵU, ал функция мәндерінің жиыны Үболсын. Айнымалы u өз кезегінде айнымалы х-ке тәуелді функция болса, яғни u=g(x), xϵX, ондаy=f(g(x)) функциясы x аргументі бойынша X жиынында анықталған күрделі функция болады.
Күрделі функцияның жалпы түрі: y=f(g(x))
ІV.Жаңа сабақты бекіту. Күрделі функцияның туындысын табу жұмыртқаның бөліктері ретінде қарастырып, сыртқы бөлігінен туынды алу, «қабығын ашу» ретінде қарастыру бірақ ақ уызы алынып, сары уызы өзгеріссіз қалады.
V Жаттығу есептерін шығару
№213 (а, б); №214 (а, б); №216 (а, б); №217 (а, б); №220 (а, б)
VI. Тест алу
VII.Қорытынды.
а) Күрделі функцияның туындысын қандай ереже бойынша аламыз?
ә) Есеп шығаруда қандай ереже жиі пайдаланылды?
VIII. Үйгетапсырма: №213-216-220 (ә,в)
IX.Бағалау.
Бағалау шкаласы
13-15 -«5»
9-11- «4»
5-8 -«3»
Математикалық диктант-2есеп -1ұпай
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 162.17 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |