"Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану" баяндама

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өтініш парағы

 

Аты- жөні

            Аккалиева Лайля Маратовна

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Жоқ

Жұмыс орыны

Қызылқоға ауданы

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі

Баяндама тақырыбы

Критериалды бағалау жүйесін

  физика пәнін оқытуда  қолдану

Секциясы

Жаңа жағдайдағы білім берудің жаңашылдығы

 Қажетті техникалық құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, компьютер

Байланыс телефондары

87782150189

Электрондық почта

lailya-maratovna@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану

Аккалиева Лайля Маратовна

Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі

 

Елімізде әрқашан білімге құрмет көрсетілген. Білген адам білімді өмір бойы іздейді.Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Адамның тырнақтап жинаған білімі - оның ешкім тартып алмайтын азығы болып табылады.

 Қоғамды өзгертуші де, оны жасайтын да адам. Тарихты жасайтын,  қандай қоғамның  да бет - бейнесін өзгертіп, бағытын жаңғыртатын да адам.  Адам өміріндегі мұғалім еңбегі өлшеусіз, адам тағдырында оның тәрбиесі мен тәлімінің алар орны  ерекше. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, ғылым негіздерінен білім беруші, екіншіден, білсем, үйренсем деген шәкірт арманы мен оның сырлы тағдырына бағыт беруші, үшіншіден, жаңалық жаршысы, ел болашағының мүсіншісі. Мұғалім еңбегі – қиын да аса жауапты іс. Мұғалімнің де, мектептің де міндеті – әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының  ойлау қабілетін арттыру болып табылады.  Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде  әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беруде.  Сыни ойлау - менің ойымша адам өмірінің бір саласы. Олай болатын себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің  маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі. Бұл бағдарламаның дәстүрлі оқытудан  басты айырмашылығы -  білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты  – демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өз – өзін жетілдіріп отыратын,  айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

  Жалпы бағдарламадан  күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Оқу үлгерімін бағалау маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білім – білік дағдысын бес балдық жүйеден негізделген дәстүрлі түрлі мынандай қайшылықтарға себепші: оқушы жетістігі басқа жетістіктермен бағаланып келді, оқушылардың жетістігі объективті және шынайы бағалануы болмады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын жоғарлатуға нақты критерийлер жоқ, мұғаліммен оқушы арасында кері байланыс болған жоқ,бес балдық жүйенің қазіргі кезде қанағаттандыра алмауы, дәстүрлі әдіс – тәсілдер қолданылды, басқа да тәртіп жетіспейтін нормативтік құралына айналды.

Білім саласында және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар, қоғамдағы сұраныстың өзгеруі, бір және екі деген баға болғанымен іс – жүзінде қолданылмайды. Оқушыны бағалауда субъективтілік және бағалаушыға тәуелділік бар. Өзіміздің 3 айлық бойынша білімімізді жетілдірсекте, әлі күнге шейін оқушыны қалай бағалаймыз? Не үшін бағалаймыз? Қандай мақсатта бағалаймыз? – деген әлі күн көкейімізде тұр.

Бағалау кезінде мынандай мақсаттар болуы мүмкін:

ü     Оқытудың қиындықтарын анықтау;

ü     Оқыту жетістіктеріндегі кері байланыс;

ü     Уәж;

ü     Болжау;

ü     Стандарттауды бақылау;

ü     Бағдарламаның мазмұн мен стилін бақылау бұл келтірілген барлық бақылаудың түрлері интерпретациялау қортындылауды қамтиды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі білім беру оқыту үдерісінде әдіс – тәсілдердің барлық түрлеріне байланысты болады. Оқушылардың алға қою мақсатында, жұмыс нәтижелерінде  өз – өздерін бағалай үйренді.

Оқуды бағалаудың мақсаты – оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Мұғалімнің іс – әрекетіне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауды бірнеше әдіс – тәсілдер қолдана аламыз. Мысалы: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателерді табу және салыстырмалы түрде өз – өздерін және кері байланыс. Оқушылардың мұғалімге деген сенімі артып, көзқарасы өзгере бастады. Әйтсе де, баға оқушылардың кемшіліктерін табу үшін, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан тұрады және бала келесі балаға баға қоймайды тек қана бағалайды, бірақ осындайда оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі тапсырманы бірлесіп орындағанда оқушының білімін анықтау қиындатады. Сондықтан, формативтік бағалау жиынтық баға беру болып табылады.

Тұлғаның өзіндік жауапкершілікке, тұлғаның нәтижеге, бағытқа жеткіземіз. Білім алушылардың дайындық деңгейлері мен өсу динамикасын бізге келгенде анықтай аламыз. Және де әртүрлі жұмыстарды алған білімдерін диференция талдауға қол жеткіземіз. Бірақ та осы бағалауды дұрыс, толық, нақты жүйесін жасатып тарату бүгінгі біз бен сіздің жұмысыңыз.                                                                                         

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:

1.      бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);

2.      оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;

3.      білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.

4.      әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.

Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.

Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі-Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негізделген үрдіс.[1]

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

 

Критериалды бағалау міндеттері:

v  Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

v  Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

v  Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

v  Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

v  Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

v  Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалау артықшылықтары:

•         Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

•         Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

•         Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

•         Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

•         Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

•         Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

•         Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

•         Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

•         Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

•         Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

•         Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

•         Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

•         Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

•         Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата-аналарға:

•         Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

•         Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

•         Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. [1]

 

 

Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар

 

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:

Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:

•         Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін  қолданылады.

•         Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау:

Ø  Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)

Ø  Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;  

Ø  Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы  ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қорытындылаушы бағалау:

Ø  Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы

Ø  Оқушыларға  әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді

Ø  Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. [2]

Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.

Суммативті (немесе қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.

Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көптеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.

Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету; «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады.  Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.[3]

 

«Физика» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері

Критерийлер

Максималды деңгей

А

Білу және түсіну

5

В

Зерттеу

4

С

Жоспарлау

4

D

Жоба құру

5

E

Дизайн               

3

F

Коммуникация

3

G

Рефлексия

3

Барлығы

27

Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады:

Ұпай саны

Баға

%

13-0 ұпай

«2»

49%-0%

18-14ұпай

«3»

66%-50%

22-19ұпай

«4»

83%-67%

27-23ұпай

«5»

100%-84%

 

«Физика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Оқушылар істей білуі қажет

Критерий А

Қажетті ақпаратты іздеп табу;

Алынған ақпаратты түсіндіру;

Ақпаратты талдау;

Ақпаратты техника (компьютер) тіліне «аудару»;

Қазіргі қоғамдағы ақпараттың алатын орны және ролін түсіну;

Адам қызметіндегі ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдау бойынша қарапайым мысалдар келтіру;

Ақпараттың әр түрлі формада берілуін анықтай алу;

Критерий В

Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару;

Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу;

Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу;

Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу;

Критерий С

Мәселені шешу жоспарын құру (ресурстар және уақытты қолдану арқылы), өз бетімен сипаттау;

Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;

Критерий D

Зертханалық жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Бағдарламалық жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану;

Жұмысты жоспар бойынша орындау;

Жұмысты белгіленген мерзімде орындау;

Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу;

Компьютерде есептер шешу және алынған нәтижелерді талдау;

Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу;

Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру;

Сапалы жоба құру;

Критерий Е

Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру;

Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау;

Критерий F

Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу;

Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру;

Ақпаратты түсінікті түрде көрсету;

Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану;

Компьютер көмегімен берілгендерді іздеу,сақтау, құру, өңдеу және тасымалдау тәсілдерін дұрыс қолдану;

Критерий G

Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу;

Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу;

Шығармашылықты талдау жәнебағалау;

Критерий H

Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану;

Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу;

Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.

 

Оқушының аты-жөні:

1-әрекет.

Мақсаты:Тұрмыста кездесетін жұмыс туралы бейнематериалдарды  қарап  оз ойларын  ашық  айту.

Табыс критерийлері:

1.Бейнематериалды түсініп қарау

2.Өз ойын ашық айта алу

1.Бейнематериалды түсініп қарау

 

Толық түсіндім

2

Толық емес түсіндім

1

Мүлдем түсінген  жоқпын

0

2.Өз ойын ашық айта алу

 

Толық айттым

2

Толық емес айттым

1

Мүлдем айтпадым

0

 

Оқушының аты-жөні:

1-әрекет.

Мақсаты:Тұрмыста кездесетін жұмыс туралы бейнематериалдарды  қарап  оз ойларын  ашық  айту.

Табыс критерийлері:

1.Бейнематериалды түсініп қарау

2.Өз ойын ашық айта алу

1.Бейнематериалды түсініп қарау

 

Толық түсіндім

2

Толық емес түсіндім

1

Мүлдем түсінген  жоқпын

0

2.Өз ойын ашық айта алу

 

Толық айттым

2

Толық емес айттым

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.42 Mb
Количество скачиваний: 323
Просмотров: 477

Похожие материалы