«Көркем әдебиет-Есеп» Тақырыбы: «Қорытынды сабақ» комплексті

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Балауса» естияр  тобындағы оқу іс-әрекетіне ұйымдастырылған

технологиялық картасы.

 

 

Күні: 25.11.2014ж.                                                       Тәрбиешінің аты-жөні: А.Ш.Есимханова

 

Білім беру саласы: «Қатынас-Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет-Есеп»

 

Тақырыбы: «Қорытынды сабақ» комплексті

 

Мақсаты: Балаларға таныс ертегілерді еске түсіріп бекіту. Ертегілер арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, кейіпкердің қарапайым әрекетін бағалауға, оларды әңгімелеуге, қойылған сұраққа толық сөйлемдермен жауап беруге баулу.  Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқына дұрыс баға беруге, сөздік қорын дамыту,  дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру.

Балаларды 3 көлеміндегі затты санауға жаттықтыру.  Кеңістікте бағдарлау (сол жақта-оң жақта, алдында-артында, ортасында) деген ұғымдарды меңгерту. Уақытты бағдарлау (таңертен,күндіз, кешке, түн) деген ұғымдарды меңгеруді бекіту.  Оң қолымен сол жақтан бастап дұрыс санауды  қадағалау. Геометриялық пішіндерді - дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрышты ажырата білу және  түстерін айыруға үйрету.  Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, есту, есте сақтау және ойлау, қиялдау  қабілеттерін дамыту. Бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу. Қорғансызға  көмек беруге, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көркем әдебиеттен оқыған кітаптары, әңгімелер бойынша суреттер, геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш), екі жолақты карточкалар, доптар мен көбелектер, Күз ханшайымы

Аймақтық компонент: Біздің өлкеміздегі  күз  мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы білімдерін толықтыру.

Қостілдік компонент:  ертегі-сказка, тақпақ-стих, әңгіме-рассказ, мысық-кошка,                                                                       таңерткен-утром, күндіз-днем, кешке-вечером.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шеңбер бойына тұрып төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Здравствуйте, дети!

Сәлеметсің бе, апай!

Здравствуйте, апай!

Сәлеметсіңдер ме, достар!

Здравствуйте, друзья!

1. Балалар щеңбер бойында тұрып  сол жақта-оң жақта, алдында-артында, ортасында кім тұрғанын анықтау.

2. Ойын:  «Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты: Адамдардың таңертен,күндіз, кешке, түнде не істейтіні туралы шағын әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға тәуліктің бөліктерін атайды. Мысалы: Ата-аналарың балабақшаға қай уақытта әкеледі? Балабақшада қай уақытта ұйықтайсыңдар? Қай уақытта үйге қайтасыңдар? Қай уақытта ұйықтаймыз?

 

Барлығымыз орнымызға барып отырамыз.

Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалалар сұрақтарға жауап береді. Таңертен, күндіз, кешке, түнде.

Іздену-ұйымдастырушы

Балалар, бүгін бізге қонаққа Күз ханшайымы келіпті. Күз ханшайымымен  амандасайық. Қазір қай мезгіл?

Ия балалар, дұрыс айтасыңдар күз мезгілі екен.

Күз орыс тілінде осень.

Біздің аймағымызда күз мезгілі бола ма?

Сондықтан Күз ханшайымы күздің соңғы айы болғандықтан сендермен қоштасқайы келіпті. Сендерге балалар Күз ханшайымы өзімен бірге көптеген кітаптар, ертегілер, суреттер ала келіпті.

Тәрбиеші «Бұл сендердің оқыған ертегілерің, әңгімелерің, тақпақтарыңа ұқсайтын сияқты».

 Күз ханшайымына айтып берейік пе?

Тәрбиеші себеттен кезекпен кітапшаларды, суреттерді алып сұрақтар қояды. Балалардың дұрыс, толық жауап берулерін бақылайды.

3.Тәрбиеші себеттен сурет алып көрсетеді. Мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бұл суреттегі зат туралы не білесіңдер? Қанат пен Жанаттың қайсысы сендерге ұнады? Неге? Бұл шығарма ма, ертегі ме, әңгіме ме, әлде тақпақ па? Дұрыс, бұл – әңгіме. Бұл әңгіме қалай аталады? (Шие тергенде) Әңгімені жазған адамды кім деп атайды? Дұрыс, автор дейді. Шиетергенде әңгімесін М.Төрежанов жазған.

4. Балалар, Жанат шиені атасына әкеп бергенде атасы оған не деп айтты? Атасы тағы не деді? Рахмет. Ал сендерге біреу сыйлық берсе, аналарың, әжелерің бір нәрсе сатып әкеліп берсе сендер қандай әдепті сөздер айтасыңдар? Сендер әдепті сөздер туралы қандай тақпақ білесіңдер? Не деу керек? деген тақпақ білесіңдерме? Қане, кім біледі?

5. Тәрбиеші кітапша көрсетеді. Бұл кітап сендерге таныс па?  Ертегі қалай аталады? (Мақта қыз бен мысық деп аталады) Ертегіде не туралы айтылады? Бұл ертегінің кейіпкерлерін атап беріңдерші. Ертегінің соңында мысық Мақта қызға не береді?

 Мысыққа құйрығын бермес бұрын, Мақта қыз тапсырма береді.

Геометриялық пішіндер  (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрыш) түстерін ажырату және атап беру.

Тапсырманы дұрыс орындасаңдар Мақта қыз мысыққа құйрығын береді.

Үшбұрыш-триугольник, тіктөртбұрыш-прямоугольник, шаршы-квадрат, дөңгелек-круглый допқа ұқсайды, өзі домалайды.

6.Сергіту сәті

Ойын «Өз үйіңді тап». Балалар қолдарына сандар алады, ал бөлменің әр жеріне үлкен сандар белгіленген үй тастайды –  ол үйлер, балалар жүгіреді, тоқтағанда әрқайсысы өзінің саны сияқты саны бар үйдің жанына барады. Сөйтіп бір неше рет қайталауға болады.

7. Тәрбиеші сурет көрсетеді. Балалар, мынау ненің суреттері? (Доп, қуыршақ, қонжық).

Тақтада қанша ойыншық бар.

 – Балалар доп, қуыршақ, қонжықты бір сөзбен не дейміз?

Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?

-Ендеше балалар, ойыншықтар туралы қандай тақпақ білесіңдер?  Кімнің есіне түсті. Қане, кім біледі?

8. Екі жолақты карточкамен жұмыс жүргізу.

Балалар,жоғарғы жолаққа тақтада қанша ойыншық, сонша  доп қою керек. Қанша екен доп? (2) онда әр доптың астына бір күшік көп қойыңдар. Қанша күшік қойдыңдар? (3).  Доп пен күшік туралы не айтуға болады? Доп -2, күшік-3. (олар тепе-теңбе). Доп пен күшік тепе-тең болу үшін не істеу керек?  Қанша күшік болса сонша доп қою керек.

Айжан, санашы неше доп?  - 3.  Ал күшік ше?  -3.

Сөйтіп 3-4 бала, санау бағытын қадағалау (солдан онға қарай). Ай, жарайсындар, балалар!

Күз ханшайымы: Балалар, сендер көп өлең, тақпақ, әңгіме, ертегі білесіңдер, соынмен қатар жақсы санайда алады екенсіңдер. Балалар, сендерге рақмет. Мен сендерге тек келмедім сыйлығымды ала келдім. Үйіме қайтайын. Қош болыңдар. Келесі жылы кездескенше.

Балалар Күз ханшайымымен амандасады.

Күз мезгілі

Ия, айтып берейік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді. Қанат пен Жанаттың мінез-құлқын бағалайды.

 

 

 

Әңгімедегі мақалды еске түсіріп айтады. Әдепті сөздер туралы жаттаған тақпақтарын еске түсіріп айтады.

 

 

Балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін кітап арқылы таниды.

 Қысқаша мазмұнын айтады.

Мақта қыздың тапсырмасын орындайды.

Геометриялық пішіндер (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрыш) ажыратып атап береді.

 

«Өз үйіңді тап» ойын ойнайды. сандар бойынша өз үйлерін іздеп табады.

 

Суреттегі заттардың атауын атайды.

Барлығы 3 ойыншық

Бірнеше бала шығып санайды. Ойыншықтар дейміз

Қуыршақ, доп, кубиктар т.б. Ойыншықтар туралы жаттаған тақпақтарын еске түсіріп айтады.

 

Карточкамен жұмыс жасайды.  Теңдікті, теңсіздікті ажырату, екі топтың заттарын салыстырады.

Тең болуы үшін не істеу керектігін айтады

 

 

 

Күз ханшайымымен қоштасады.

Рефлексті – коррекциялаушы

Күз ханшайымына қандай ертегілер жайында айтып бердіңдер?

 Сабаққа қалай қатыстыңдар?

 Неге жақсы қатыстым деп ойлайсыңдар?  

Маған да, сендер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Сұрақтарға жауап береді.

Қандай көмек бергендерін айтады. Мадақтау сөздерге қуанады.

 

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: Ертегілердің атын, кейіпкерлерін біліп атай алады. Оң қолымен сол жақтан бастап дұрыс санауды 3 көлеміндегі затты санау.

Қандай түсініктерді игерді:Кейіпкердің қарапайым әрекетін бағалауды игереді. Кеңістікте бағдарлау,  уақытты бағдарлау ұғымдарын игереді, қарапайым математикалық түсініктері қалыптасады,  геометриялық пішіндер туралы, теңдік-теңсіздік   ұғымдарын  игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Байланыстырып сөйлеуге, мазмұнын айтуға дағдыланады. Шеңберді, тіктөртбұрышты,  шаршы мен үшбұрышты, ажырата білуге дағдыланады. Екі топтың заттарын салыстыруға  дағдыланады.  Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттері дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 29.62 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 162

Похожие материалы