Ашык сабак «Құстар келді өлкеге»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Тақырыбы: «Құстар келді өлкеге»

Мақсаты: - Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;

- соның ішінде  көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың пайдасын түсіндіру. Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың  жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі  ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру.                                                                                   Керекті құралдар: Құстардың суреттері,қылқалам, желім,гуашь,ермексаз.

Әдіс-тәсілдер:  түсіндіру, көрсету, жаттау.

Қостілдік компонент: құстар- птицы, торғай-воробей, сауысқан-сорока.

Аймақтық компонет:Біздің ауламызда құстар тіршілік етеді.

 

 

 

Әрекеткезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Қайырлы күн, көк аспан,

Қайырлы күн,жер ана

Қайырлы күн, қонақтар

Қайырлы күн, достарым

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шеңберде тұрып қайталайды.

Іздену-ұйымдастырушы

Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады.

Балалар бұл нелердің дыбысы?

 -Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

 (2-3 баладан сұрау)

-Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді?

Таңғажайып сәт.Қара торғай  ұшып келеді

.-Сәлеметсіздер ме, балалар!

 Осында  ұшып келдім., мұнда көктем келіпті. Біз, барлық құстар сендерге, жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз. Мен сендерге  сонау жерден  тапсырмалар келдім.

*.Қандай  құстарды білесіңдер?

 (2-3 баладан сұрау)

 

*Мынау қандай құс?

 

 

 

 

 

*   Мынау қандай құс?

 

*Құстарға біз қандай қамқор жасаймыз?

Көрдіңдер ме, балалар жер шарын қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды.

Біздің ауламызда осы құстар ұшып жүреді.

Билинг.комп: құстар- птицы,торғай- ворбей, сауысқан-сорока.

Кім құстар,көктем туралы тақпақ біледі

1.     Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

 

2.     .Торғай, торғай тоқылдақ       Жерден тары шоқып ап. Бөтекесі бұлтиып    Шиық,шиық десіп отырады.

 

3.     Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты.    Мен жағалап суатты,    Сай саламен су ақты.

 

4.     Көктем келді бүгін,  Күнім төктті нұрын, Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,      Өсіп-өніп толамыз             Көкке қолды созамыз,     Құстай қанат қағамыз. Қарлығаш боп ұшамыз,            1-2-3 жаттығуды жасаймыз.

Ендеше балалар торғайды жапсыруғада болады.ермек саздан да жасауға болады. Қараторғайға коп достар жасап берейікші.

Балалардың жұмысы

 Ендеше жапсыратын балалар, бірінші сопақша денесін алып кленкаға қоямыз,қылқаламды оң қолымызға алып желімге ақырын малып жағамыз, шүберекті алып алақанымызбен басамыз,қалған дене мүшелерін жапсырамыз.мақта таяқшаны бояуға ақырын малып аяқтарын саламыз, жемде саламыз.

Ал, енді ермексазды аламыз алақанымызға салып ұқалап домалақтаймыз басын, денесін сопақша қылып жасаймыз бір біріне жапсырамыз, тұмсығын құйрығын шымшып жасаймыз,оларға қамқор жасау керек жем жасаймыз.

Жапсырған балалар жұмыстарын тақтаға іледі, ал мүсіндеген балалар тоғайға әкеліп қояды. Жұмыстарын әдемі, таза болыпты. Балалар қуанады, қараторғай балаларға тәтті заттарын беріп, ризашылығын білдіріп  ұшып кетеді.

-Біз бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-Сауысқан, торғай,көгершін барлығы бәр сөзбен қалай аталады?

-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

 Бұл сайраған құстардың дыбыстары

 

Көктем мезгілі

 -Көктемде күн жылынып, қар ериді.-Көктемде ағаштардан бүршік шығады.Көктемде жылы жақтан  құстар ұшып келеді.Адамдар жеңіл киінеді.

 

Менің анам көгершінім,-Менің анам қарлығашым,-Менің анам балапаным,--дейді.

 

 Балалар қуанып қарсы алады.

 

 

Қарға, көгершін, торғай, сауысқан.

 

 Бұл торғай

Торғайдың басы дөңгелек болып келеді,денесі сопақша болып келеді,тұмсыгы бар,қанаты бар,ол аспанда ұшады.(2-3 баладан сұрау)

 

Сауысқан

. Сауысқанның бүйірі ақ түсті болып келеді,тұмсығы, қанаты бар.Сауысқанның құйрығы, тұмсығы ұзын , ал торғайдын құйрыгы тұмсығы қысқа.

Құстарға жем шашамыз, су береміз, адамадар жемсауыт жасап ,оны ағаш бұтақтарына іліп қоямыз.

 

 

 

 

Қүстар-птицы,

торғай-воробей,

 сауысқан- сорка

 

 

 

 

Балалар тақпақтарын айтады

 

 

 

 

Балалар іс қимыл арқылы келтіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Өз бетінше жұмыс жасайды.

 

 

Әуен қосылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұраққа жауап беруге тырысады7

     

 

. Күтілетін нәтиже.

Білуі:  ● Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстары туралы мәліметті.

   ● Құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөнінде   

               түсінеді.

Меңгеруі: ● Суреттердегі құстардың ерекшеліктеріне әңгіме құрастыра білу.

                  ● «Құстар» деген сөздің мағынасын меңгереді.

Жасай алуы: ● Берілген тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 35.71 Kb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 230

Похожие материалы