Тәрбие сағаты "Отпен ойнама, балақай!"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Токтасинова Индира Аманжоловна
|
Сабақтың тақырыбы: «Отпен ойнама, балақай»
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.
2) Сөйлеу тілін, ойлау дағдысын, дүниетанымын кеңейту.
3) Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сурет салу.
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру. Қонақтармен амандасу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
ІІІ. 1) тақтамен жұмыс.
«От - дос, от – жау» сөзінің мағынасын сұрау.
2) Жұмбақ шешу.
- Ал енді, мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын. Кім шешуін табады екен? Ойланып, жауап берейік.
Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де. (сіріңке)
Жаурағанды күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер.
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
Үй үстінде ақ аю билейді. (түтін)
3) Ситуациялар шешу. (көрініс түрінде көрсету)
- Бақдәулеттің ата – анасы жұмыста болатын. Ол үйде жалғыз қалды. Бір кезде оған досы Қаршыға келді.
- Бақдәулет не істеп отырсың?
- Сабақ қарап отырмын.
- Сабақты қайтесің, одан да екеуіміз ойнайық.
- Жарайды.
Екеуі ойнауға кіріседі. Бір кезде Қаршыға қалтасына қолын салып, сіріңкені алып шығып:
4) Өртке байланысты ережелермен таныстыру.
Сіріңке балаға ойыншық емес.
Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа.
Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.
Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе хабарлас.
Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу керек.
5) Сабақты бекіту. Сабақ бойынша алған әсерлерін сурет арқылы көрсету.
ІY. Сабақты қорытындылау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.4 Kb |
Количество скачиваний: | 82 |