Көшеде сақ бол! (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақстан көгінде көк туы желбіреген, дүниежүзінің кез келген елімен иық тірестіретін терезесі тең тәуелсіз  ел.

                     Сонымен тәуелсіздік деген не? Әңгімені осыдан бастайық. Ең алдымен ел тәуелсіздігі қымбат. Қазақ елі кез келген елмен келіссөз жүргізе алады, өзінің елшіліктері, елшілері бар. «Елдестірмек елшіден» дегендей олар біздің Отанымыздың гүлдену жолында бар қажыр –қайратын  аямайды, біздің елді шет елдерге таныстыра, достық, сауда- саттық, мәдени, экономикалық қатынастар орнатады.

Елдің атын, абыройын, салт- дәстүрін сақтауға ат салысады.

                     Қазақстанның экономикасы қарқынды дамыған. Біздің елмен қатынас жасағысы келетін елдер көп. Себебі  Қазақстан мұнайға, алтынға,мысқа, темірге өте бай.

                     Біздің  өзіміздің Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Әнұранды әрбір бала жатқа айтады.

                     Қазақстанның төл мерекелері де бар, соның бірі- Тәуелсіздік күні.

                     Тәуелсіз елдің балалары жақсы оқуы, тәртіпті  болуы да-міндет. Себебі сендер арқылы біздің елімізді бағалайды. Қазақстанның балалары білімді , мәдениетті екен дейді. Елдің де абыройы артады.

                     Тәуелсіздік – туған ұлтыңды туған анаңдай сүю де, туған әкеңдей ардақ тұту. Ар ұяты жоғары тұратын елдің ұл- қызы да еркін. Тәуелсіздік - еркіндік, егемендік.

                     Егемен ел ұландарының ойлары да ұшқыр, сөздері салмақты болуы тиіс.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.17 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 140

Похожие материалы