Кітап қайдан пайда болды?
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Какеева Шамшияр Кыдырхановна
|
Кітап қалай пайда болды?
2-3 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихымен таныстыру.
2.Оқырмандарды түрлі мамандықтармен таныстыру.
3.Кітапты дұрыс оқу мәдениетіне, пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге, кітапты ұқыпты сақтай білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, конкурс « Біз кітапханаға барамыз»
Сабақтың көрнекілігі: кітап макеті, сұрақ- жауап карточкалары, цитата сөз: «Ештеңе оқымаған адам ештеңе ойланбайды да» (Француз ойшылы Дени Дидро)
« Әр адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуға тиіс» М. Әуезов.
«Жақсы кітап оқу- жақсы адаммен сырласқанмен бірдей» Л.Толстой.
Кітаптың шығу тарихы жайлы слайд.
Сабақтың барысы:
Кітап-ең керемет ғажайып зат.Ол жәй картон қағаздан жасалған.Сендер қолдарыңа кітап алсаңдар, әппақ қағазға жазылған түрлі белгілерді көресіңдер.Сендер ол құпияны ашуға асығасыңдар.Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар.Көз алдарыңа әр түрлі оқиғалар елестейді.Сендер білмейтін адамдар өздері туралы айтып, кітап тілімен сөйлеседі.Жер бетінде кітаптан қызық ғажайып нәрсе жоқ.Қазақ халқы кітапты киелі әулие, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған. «Ой маржаны кітапта», «Кітап- білім бұлағы», «Кітаппен кеңес-біліммен теңес», «Білім тозбайды, білімді азбайды» деп кітапты жоғары бағалап, оны қолға алып оқу үшін,әсемдік әулиеге балап, тәңір деп, тәу етіп, кітап сөздерін жаттап, жадына сақтай білген.
Балаларға сұрақ:
Жазушы жаңа кітабын жазды.Әзірге ол тек қолжазба, оны тек өзі ғана оқи алады.Оның жазғанын 100 немесе 200 мың бала бір мезгілде оқуы керек.Ол үшін не істеу керек?
Ең біріші қолжазбаны редактор қарап шығады, яғни ол болашақ кітаптың бірінші оқырманы.Ол болашақ кітапқа баға береді, қысқартатын жерін қысқартады, толықтыратын жерін толықтырады.Кейде жазушылар өздері редактордың жұмысын атқарады.Редакторға корректорлар, көркемдеуші сурешілер көмектеседі.
Кітап- адамгершіліктің қайнар көзі, адмзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер- білім бұлағы, оқу тәрбие құралы.Сондықтан біздер оқырмандар кітапты оқып, өзіміге керек білімімізді алып қана қоймай, оны сақтап ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керек.
Сабақты бекіту:
1.Автор деген кім?
2.Редактор қандай қызмет атақарады?
3.Кітап жасауға қандай мамандар көмектеседі?
Сабақты қорыту.
«Біз кітапханаға барамыз» конкурсы.
1- топ «Кітапсүйерлер»
2- топ «Кітапқұмарлар»
Екі топтың жауабын бақылау жасап, әділ бағасын беру үшін әділқазылар алқасы сайланады.
Конкурс 4 кезеңнен тұрады.
1- кезең.Менің сүйікті авторым. Бір ұмытшақ адам кітапты көп оқыған екен, бірақ оқыған кітабының авторларын ұмытып қалыпты. Енді осы кітаптың авторын табуға көмектесейік.
1.Менің атым Қожа. Бердібек Соқпақбаев
2.Егіннің бастары.Ахмет байтұсынұлы
3.Бай баласы мен жарлы баласы.Ы Алтынсарин
4.Кел, балалар оқылық! Ы.Алтынсарин
5.Ереулі атқа ер салмай.Махамбет
6.Білім таппай мақтанба.Абай
2 кезең. Ой жұмбақ ойыны.
Ауызша сипаттау арқылы заттың атын табу.
-Менің затым дөңгелек.Резіңкден жасалғанмын, балалар мені жақсы көреді.Мен немін?(сағыз)
-Мен әлем жаңалығын бейнелейтін төртбұрышты затпын.(теледидар)
-Мені қолыңа алсаңыз дүниенің бар білімін білесің.Мен кіммін?(кітап)
3 кезең.Сөздің әрдыбысынан сөз тудыру:
К- көйлек, көрпе, күн, көктем, кірпі, көше, көжек, кесе.
І- ілгек, ілгіш, ілім, із, іңір Іңкәр, ізет, ізгілік
Т- тамақ, тарақ, төсек, тебен, текемет.
А- арғымақ, ана, апа, арба, асық, арпа, арба, аспан, ақыл, аң.
П- піл, парақ, патша, пайда, пейіл, пысық.
4 кезең Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылау.
Кітап-
-Жақсылыққа баулиды.
-Ұлы адамдармен танысамыз.
-Білім береді.
-Ертегі, жұмбақ т.б халық ауыз әдебиетін үйретеді.
-Халықтың өткен тарихын үйретеді.
Жеңген топ мүшелерін анықтап, келесі өлең жолдарымен сабақты аяқтау:
Аса мәнді мектепте өткен бір сағат
Зейін қойып сақтай білсең сен тағат
Білмегенді үйретеді саралап,
Түседі асып бір кітаптан бір кітап.
Ұққан сайын құпиясын әлемнің
Келеді өсіп ойымыз да күн санап
Адамдыққа, адалдыққа баулиды
Қайырлы ісің, қамқорлығың- бұл сауап.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 34.5 Kb |
Количество скачиваний: | 31 |