Квадраттық функцияның анықтамасы және у=ах2+n, у=а(х-m)2 функциялары

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

1.     Квадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтау,  теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;

     2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;

3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік  және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Құрал жабдықтары:

-интерактивті тақта;

Сабақ барысы

Ұйымдастыру сәті.  Бүгінгі сабақтың тәртібі:

Мұғалімді тыңдаймыз,

Бір-бірімізді сыйлаймыз,

Саспай, асықпай,

Әр сұраққа, қателеспей,

Шуылдамай, қол көтере отырып,

Жауап беруге тырысамыз-деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл-күйлерін бір ортаға тоғыстырады.

Сабақтың құрылымы таныстырылады.

Сергіту сәті

1-парақ.  «Функция-математикалық маңызды ұғымдардың бірі!»  

1.     Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға

тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция].

2.     Тәуелсіз айнымалы. [Аргумент].

3.     Абсцисасы-аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның

сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [График].

4.     Квадраттық функцияның графигі. [парабола].

5.     у функциясының графигі. [Гипербола].

6.     Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула].

7.     Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын әрпі. [Икс].

8.     у=кх функциясының атауында кездесетін сөз.[Пропорционалдық].

9. Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек].

10. у=ах2+вх+с түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық функция].

1 тапсырма  1-топ: Тегім у=-2х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.

а) Ох осінің бойымен 2 бірлікке оңға;

б) Оу осінің бойымен 5 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған.

2-топ: Тегім у=5х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.

а) Ох осінің бойымен 1 бірлікке солға;

б) Оу осінің бойымен 3 бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған.

3-топ: Тегім у=-1/2х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.

а) Ох осінің бойымен 4 бірлікке оңға;

б) Оу осінің бойымен 4 бірлікке төмен жылжыту арқылы алынған.

4-топ: Тегім у=1/5х2 функциясы, өзім төмендегі қасиетке иемін.

а) Ох осінің бойымен 5 бірлікке солға;

б) Оу осінің бойымен 3 бірлікке жоғары жылжыту арқылы алынған.

 

Мен сонда қандаймын: 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.12 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 150

Похожие материалы