Күй атасы - Тәттімбет Қазанғапұлы

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Құрамнғазы Сағырбайұлы туралы оқушылардың деректерін оқу.

1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерің білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Қазіргі кездегі күйшілерден кімді білесің?
5. Қандай күйлері аттың шабысын, халықтың ерлігін
суреттейді?
Қызығушылығын ояту

Жұмбақтар шешу
1. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы да бір мінезі таңғажайып,
Ешуақытта сөйлемейді адам жоқта.

2. Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар әні бар.

 3. Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең, ойнайтын аспаптың бірі.

Халық күйі немесе халық музыкасы дегеніміз не?
Халық музыкасы дегеніміз-ауыз екі дәстүрдегі музыкалық шығармалар. Яғни, ата-бабаларымыз нота жазу сауаты болмағандықтан құймақұлақтық әдісі арқылы бір адамнан екінші адам үйреніп отырған.
Күй өнері қазақ халқына ғана тән.
Күйді домбырада ғана тартпаған. Күйді қобызда, сыбызғыда да ойнаған.

 

 

Тәттімбет Қазанғапұлы

(1815 — 1860)

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 — 1860) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Дастар тауының етегі, Мыржық ауылы, Қызылжал қыстауы. Бұл жерді Мөшеке бұлағы деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, дүние салған соң, Қарқаралы жеріндегі Түндік өзенінің бойына, Бабалы мен Арқалық тауларының ортасындағы алқапқа жерленген. Бұл Тәттімбеттің әкесі Қазанғапқа арналып салынған зират. Ішінде үш қабыр бесікше бар. Бірінде Қазанғаптың өзі. Екіншісінде Қазанғаптың бәйбішесі, Тәттімбеттің анасы Қалайы. Үшіншісінде Тәттімбет жатыр.

Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, кейде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.

Қазанғапұлы Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Бес төре», «Көкейкесті», «Қосбасар» сияқты ондаған күйлері қазақтың музыкалық мәдениетінің асыл айғақтары болып табылады.

 

Оқулықпен жұмыс.

 

VІІІ. Бекіту

 «Зымыран сұрақтар»

10 сұрақ беріледі:

1. Күй дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

2. Қандай күйшілерді білесің?

3. Тәттімбет Қазанғапұлы туып өскен жері?

4. Қай жылдары дүниеген келді ?

5. «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Бес төре», «Көкейкесті», «Қосбасар» т.б. күйлерінің авторы кім? Ол қашан, қай жерде дүниеге келген?

6. Небәрі 45 жас ғұмыр кешіп, дүние салған күйші кім?

 

Үйге тапсырма:

Күйшілер туралы қосымша әдебиеттерден материал жинақтау (реферат)

 

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, толық жауап берген оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.68 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 169

Похожие материалы