Л л дыбысы мен әрпі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кенжебаева Алима Бекболовна
|
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу Білім беру саласы: Қатынас Тақырыбы: Л дыбысы және әрпі Оқу іс - әрекетінің мақсаты: л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Оқу іс - әрекеті барысында мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Әдіс - тәсілдер: сұрақ жауап, көрнекілік, сөздік. Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер мен буындар. Оқу іс - әрекетінің барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп. Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек. 2. Балдырғанның тапсырмасын орындау. -Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін "айтпаймын" дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек. І тапсырма. - Мынау не? (лақ) - Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды? -Лақ сөзінде неше дыбыс бар? -Лақ сөзін буынға бөліп көрейік. -Неше буын бар? -Сөздің басында қандай түспен белгілейді? (хормен айтқызу) - Л қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді? 2 тапсырма: Піл, лимон, балық суреттері көрсетіледі. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөлдіру және дыбыстық талдау жасатады. Сонан соң осы сөздерге кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызады. Л дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалдармен түсіндіреді. Өткен дыбыстармен л дыбыс қатыстырылып, буын, сөздер құрастырылып оқытылады. Хормен ауызша қайталайды. 3 тапсырма. Дәптермен жұмыс: Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады. Гүл, түлкі сөздеріне дыбыстық талдау жасап, л дыбысы орнын ажыратады. Бос торкөздегі л дыбысының орнына сөздер ойлайды. 3.Сергіту сәтін өткізу Достар тату - тәттіміз, Болса қолды тәттіміз. Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз. (Қимылмен көрсетеді). 4."Кім тез ойлайды?" дидактикалық ойыны. Шарты: л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен л дыбысы қай дыбыстан бұрын не қай дыбыстан кейін келіп тұрғанын анықтау. ІІІ.Қорытындылау. Кеспе әріптерден а - ла, ал, ол сөздерін құрастырту, осы сөздермен сөйлем құрап айтқызу. Сөйлемдердің сызбасын сызып көрсету. Педагог сабақ қонағы - Балдырғанның білімді балаларға жақсы қатысқанын айтып, сабақты қорытындылайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.64 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |