Ұлағатты ұстаздар өміріне өнеге етеміз

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Ұлағатты ұстаздар өмірін өнеге етеміз. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға,                               ұстаз мамандығының қыр-сырын түсініп, үлгі- өнегесін  алуға шақыру.   Сабақтың көрнекілігі: 6 «А» сынып оқушыларының құттықтау плакаты, шарлар,  нақыл сөздер, слайд.   1-жүргізуші:Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне  сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!   2-жүргізуші: Айтсаң, жеткіншектердің  жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген мұғалімнің еңбегін айт! Шынында, ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?   1-жүргізуші:  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқытқан жұмысшы да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, егін салған диқаншы да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.Ұстаз да дихан сияқты әр адамның жанына білім нәрін себеді, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға буынын қатайтып ұшырады, сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.                                                        
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 66 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 129

Похожие материалы