Лексикалық грамматикалық тапсырмалардың ауызекі сөйлеу тілін дамытудағы рольі.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                          Теория, методика, практика.

Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді.

«Грамматика» сөзі «grammatik» грек тілінен аударғанда «оқу мен жазудың икемділігі» мағынасын білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда коммуникативтік құзыреттілік негіздері ашылады.

Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық минимумдар ҚАЗТЕСТ жүйесінің осы бөліктерінің тест тапсырмаларын сапалы әзірлеу үшін нормативтік құжат болса, тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минималды қоры болып табылады.

Оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауда ҚАЗТЕСТ жүйесі өзінің функциясын тиімді атқаруы үшін грамматикалық минимумдардың өзектілігі ерекше орын алады. Грамматикалық минимум әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.

 

         Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 77 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 123

Похожие материалы