Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше    қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады. Бүгінгі күнде ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет. Осыған байланысты қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани ошағына, жетпес қазынасына айналатыны сөзсіз.
Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 1.2 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 73

Похожие материалы