Лессон стади "М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" повесі"

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтыңтақырыбы

М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі, шығарманың тілі.

 

Мақсаты

Әңгіме кейіпкерінің бейнесіне талдау жасау.

 

Күтілетін нәтиже:

1.Шығармадағы кейіпкер бейнесін сомдаудағы жазушының тіл шеберлігін таниды.

2.Рольде ойнай біледі, көркем тілін анықтайды.

3. Әңгіменің мазмұны арқылы оқушылар үстем тап өкілдерінің әділетсіздігіне көз жеткізеді.

 

Сабақта қолданылатын

 әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, іздену, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру;

- топпен жұмыс жасау;

- Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйренеді;

- Мәтіннен берілген үзінді бойынша рольде ойнату

 

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ, «Асуда атылған оқ» фильмі, кеспе қағаздар

 

Сабақ барысы:

 

 

Сабақкезеңдері

Мұғалімәрекеті

 

Ұйымдастыру бөлімі

 

4 минут

Сандықшадан қиындыларды  алып топқа бөлінеді. Шығарманың кейіпкерлері бойынша топтасады. «Бақтығұл ауылы» тобы: Бақтығұл, Қатша, Сейіт, Бәтима, Тектіғұл, Жұматай. «Сәлмен» тобы: Сәлмен, Сәт, Қозыбақ, Албан, Ораз ауылы, Асан. «Жарасбай» тобы: Жарасбай, Бәйбіше, Жанғазы, Қоқыш, Досай ауылы, Қалыш, Бәйтен.

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут

Әңгіме желісіне құрылған жоспарларын топта тексеріп, үздігі класқа оқылады. 1-топ І, ІІ, ІІІ бөлім; 2-топ ІV, V, VІ бөлім; 3-топ VІІ, VІІІ бөлім бойынша «сұрақ атыс» жүргізеді.

 

«Қызығушылықты ояту» 3 минут.

Прототип туралы сұралады. Кейіпкерлердің прототипін анықтау:

Бақтығұл – Рысқұл Жылқайдарұлы;

Сейіт – Тұрар Рысқұлов;

Тектіғұл – Молдабек;

Болыс Жарасбай – Саймасай Үшкемпіров

Қатша – Ізбайша.

 

Мағынаны тану

15-17 минут

 

 

 

 1-тапсырма: 3 топқа үзінді таратылады. Оқушылар әуелі мәтінмен танысады, образын ашуға кеңеседі, өзара ақылдасып, рольді бөліп алады, оған 5 минут уақыт беріледі. Сосын топ атынан оқушылар шығып, қойылым қойылады.

1-топқа:    Жалғыз үйлі кедей аулына сапырылысып келіп жатқан кісі жоқ

 

болса да, бөгелместен малмен келу ағат болар еді. Аулының желкесіндегі қиын тасқа боз биені төрт аяғын тас қылып бекітіп тастап, өзі үйіне келді. Жыртық киімді, күрең жүзді Қатша балаларына шай қайнатып отыр екен. Үй іші әлі қора жанында тігілген жыртық қара киіз үйде. Тамға кірген жоқты. Үш бала бар. Үлкені Сейіт – он жаста. Қалғанының үлкені - бес жасар Жұматай. Ең кішісі - екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз - Бәтимә. Бақтығұлдың келгені үрпиіп, жүдеп отырған кішкене кедей үйге жан кіргізгендей болды, ұзын бойлы, аша-майлау келген Қатша ерінің жүзіне жылы қарап, қарсы алды. Бақтығұл үндемей, жай қозғалып, есік алдында жатқан шырпы отыннан аттап өтіп, төрге қарай шықты. Бірақ отырмастан, маздап жатқан отқа қызығып:

-          От қалай жақсы еді, тез беретін шайың бар ма, қатын? - деді.

Қатша:

-          Жол болды ма? - деп күбір етті. Оған тура жауап берудің орнына, Бақтығұл:

-          Бол, шайыңды болдыр, жұмыс бар! - деді.

Үй ішіне әрдәйім көп сөйлемей, сырт жаңалығын бір-ақ әкелетін тұйық мінезі бар-ды. Сол дағдысымен тек әйеліне ғана бір айналып:

-          Аздан соң қабыңды алып кел, - деді де шығып кетті.

   Жұматай ойнақыланып: біресе Сейіттің, бірде Бәтимәнің қолындағы ірімшік-құртын тартып алып, кейде алысып, кезек жағаласып қалып, көбінше өзі де қутыңдап, Сейітті де күлдіріп, үйде ойнап қалысты. Қатша балаларға: "Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырыңдар; кісі келсе, "апам тезек тере кетті, деңдер!" деп жүріп кетті. 

2-топқа:Сәлмен шапшаң сөйлеп, ызалана түсті.

-          Ұры демесем, ұрыдан құры да емессің!

Бақтығұл алғашқы бетінен қайтқан жоқ.

-          Ендеше,тауып ал сол ұрыңды да, құрыңды да. Бұдан әрі екеуі қырын отырысып, қатқыл-салқын үндермен, қияс түспен егесе қарасып, жылдам жауаптасып кетті.

-          Мен тауыпотырмын! Ол - сенсің.

-          Кім айттыдеп солай дейсің?

-          Айтушы бардеп солай деймін.

-          Алып келайтушыңды, мойныма салсын!

-          Атты алысқа айдамақсың ғой. Мені сорғалаған қан, сойқақтаған із әкеліп отыр. Сен алдың малымды. Кешегі қолымда өскен Бақтығұл ең.

-          Бәсе, қолыңда өссем, мынауың қай сұмдығың? Жалаң не?

-          Сен мағанқастық етіп отырсың. Мен неқылған адам едім саған? Бақтығұл енді жалтармай шынға қарай ауысқысы келді:

-          Не қылмап ең?

-          Неңді алып ем сонда?

-          Немді алмадың? Жанымды да алғансың! Жар деген жалғыз қанатым - Тектімді тепкіңмен өлтірмеп пе едің!

-          А, солай де!
Ендеше құныкерің екем ғой!

-          Бәсе, құныкерім екеніңді аузыңа құдай салып отырған шығар. Сенің соққыңа жығылып, сартесекболып алты ай қыс жатқанда, жиырма жыл босаған да шіріген сол Тектіғұлға тымғұрса қатқан тоқты -қалжа бердің бе?

-          Е,... санай түс ендеше, тағы бар болар менен алмағың? Тегі менің малымның қақ
жартысы сенікі шығар. Қалжырағанқара мойын құл! Қалай-қалай тантисың? Жіңішкерген аурумен құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пеең? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан, Сәлменнен әлі де?

Бақтығұл қайнаған әділ ашу үстінде, не де болса,барын айтып қалмақ ниеттеболатын.

-          Санаттыңба? Ендеше он алты жасымнан отыз алты жасыма дейін, былтырғы күзге дейін жиырмажылдың қысында қар төсеніп, мұзжастанып, жаз жалғыз түн тыным көрмей күзетіңде, жылқыңның соңында өзім өттім. Қозың мен қойыңның соңында, қо-раңның шетінде түндер бойы көз ілдірмей, жиырма жыл бойы інім - Тектіғүл өтті. Он екі жыл бойында мынау әйелім - Қатша шешеңнің  Қызыл бәйбішенің қолында сарала етек күң болып, отымен кіріп, күлімен шықты. Сол бәріміз кеше қасыңнан кеткенде, немен шықтық? Екі қолымызды мұрнымызға тығып шыққанымыз жоқ па?

3-топқа:

Болыстан басқа үлкендер - бәйбішеге шейін сезге араласып, Бақтығұлға істелген істі шектен асқан зорлық деп таныды. Бұл сөз тұсында Бақтығұл:

-          Жалғыз жүрген саяқ болған соң, әлі келген содырлар ойына келген қастығын
істеп, түгіңмен жалмап кетуге жиренетін емес, - деген.

-          Оның рас, сені аямай-ақ жанышқан екен Қозыбак, - деді Сәрсен ақсақал.

-          Аяу қайда! Мен, солар айтқандай, көк биенің ұрысы болсам, олар тапа-тал түсте ұрлықтан да сұм-сорақы іс етпеді ме? Бәрі де сол жаңағы панасыздығымнан. Енді не
де болса, бір жақсының қасында ат-қосшысы болсам да, ығына паналап жан қалмаса,
атар таң, шығар күн жоқ па дедім. Осындай сөздермен Бақтығұл өзінің шер-мұңын шерте берді. Болыс бұған тіс жарып, ішін ашып, ешнәрсе демеді: оң-теріс деген жок, тек Бақтығұлдың сөзін тоқтатқан да жоқ. Өз ішінен ол Бақтығұлды ер жігіт көретін. Бүгін сөз білетін, орнымен ұстаса, көп керекке жарайтын еті тірі, есті кедей екенін байқап отыр. Айтар сөзге орамды Бақтығұл болыстан басқа үй ішін де тегіс тіліне нандырып, өз жайына қандыра берді. Бәйбіше мен Жанғазының Қозыбақ аулын жамандаған сөздері де естілді.

Сонымен болыс үйіндегі бұл кеш Бақтығұлды ырзалағандай. Әсіресе Сәрсен ақсақал мұның көңлін орнықтырар сез айтты.

-          Бақтығұл, сен өзің жақсы ниетпен келген екенсің. Енді сөзді қысқарт та, тек мына болыстың етегіненұста. Бұған сендей анық пысық жігіт, атқан оқ, шапқан қылып болуға жарайтын оты бар жолдас керек. Осы Жөкеңе іні бол да, мына Жанғазыға аға бол. Қозыбақ саған ғана қас емес, талайды зарлатқан ұялас бөрілер аулы
ғой. Тек Жарасбайдың қолынан алып көрсін! Жалғыз-ақ өзің болысқа жақсы қызмет қыл да, тарта бер. Қозыбақ түгіл, құдайдың да алмасына мен кепіл. Тіпті бүгін болмаса, ертең
Қозыбақтағы кекті тіпті өз қолыңмен де алысармыз әлі, - деді.

2-тапсырма: 1-топқа: 1. «Ұзын бойлы, қызыл жүзді семіз болыс, басына сусар бөркін киіп, ақ елтірі ішікпен қыз-қыз қайнап, қызара бөртіп, ажарланып тұр екен. Мұның жасы Бақтығұлмен шамалас: 35-37-лердің мөлшерінде». – Жарасбайдың портреті.

2. Қаршыға тастайтын аңдай – теңеу.

3. Ішінен: «өзім ақпын, сен қарасың, саған не істесем де рауа. Бақтығұл қашан ұры болып еді» - монолог.

4. Қу жалғыздың күйін қайта көрді – метафора.

5. Орны үңірейіп қалды – тұрақты тіркес.

6. Бірақ мұнда да  тентек су өткел беретін емес. Ішіндегі қазандай-қазандай кесек тастарға екпіндеп кеп соғып, ытқып аққан толқынды ағын әлі де басты айналдырады. – пейзаж.

2-топқа: 1. «... өзі де кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген азамат» - кімнің портреті? – Бақтығұлдың портреті.

2.      Тау ішінің аш қасқырындай – теңеу.

3.      «Күздің ұзақ түні мынау. Қазір алған малмен соқтырып кетсем,

таң атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді де шаяды. Түк алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе?» - монолог.

4. Бақтығұл күйіп кетті. – метафора.

5. Сау кісіні жынды қылғандай – тұрақты тіркес;

6. Күн екінді кезі болғанда, манағы қарағайдан өтіп, үлкен таудың ішінде, өзеннің жағасында отырған бай ауыл қыстауының үстінен кеп шықты. – пейзаж.

3-топқа: 1. «Келген топтың басшысы - ... күміс белдігі бар, өзі қиылған қара мұртты, танауы ежірейген, үлкен қара көздері шаншыла қарайтын, аласа бойлы қара жігіт» - Сәлменнің портреті.

2. Айналасы тастан салған қабырғадай – теңеу;

3. «Байғұс өліп қала ма, бүйтіп көрген жоқ еді, қалай айтқаны?» - монолог.

4. Жүрегіне у төгілді – метафора.

5. Соқыр көргенінен жазбас – тұрақты тіркес.

6. «...Талғардың сайды құлдап, тар шатқа тығылып, тік еңіске суық дыбыспен құлап ағатын жері. Қазанда қатты қайнаған судай, өне бойымен түгел бұрқылдап, қайнап жатқан сияқты. Ұзақ бойы бұрқ-сарқ етіп тасиды...» - пейзаж

 

Ой-толғаныс

 

Класс 1,2-ге саналып, 2 топқа тез бөлінеді, 1 топ «Бақтығұлдың әрекетін қоштаймын», 2-топ «Бақтығұлдың әрекетін қоштамаймын» деген тақырыпта пікірталас өтеді.

Оқушылардың сөздерін қорыта келе, повестің соңғы бөлімінен үзінді оқылады:

«Сейітка, қалай, сен ауылды сағындың ба? - деп еді.

Сейіт:  -          Жоқ! - деді.

-          Неге? Абақты жақсы ма? - дегенде, Сейіт шынымен
Апанастың ашық көк көзіне барынша шынын айта, қадала қарап:

-          Ауылдан абақты жақсы, - деді.

Соны естіген Бақтығұл: "Алда, айналайын, көз жанарым-ай!" деп, үнсіз жылап жіберді де, аунап түсті. Апанас болса, Сейітті жерден жұлып көтеріп алып, құшақтап баурына басты. Кітап оқып жатқан көрші орыс – ақсақал қартқа карап:

-          Не дейді мына Сейіт? Өмірден абақты артық дейді. Ой, бишара балақай! Мынау абақты ауылдан, өмірден артық болғанда, саған ол өмір, ол ауыл қандай суық, сұмдық болған екен. Соны білдірдің-ау! -деп, өңі бұзылып, Сейітті құшақтап, қысқан бойында үндемей ойға шомып, камера ішінде әрлі-берлі жүріп алды. Оқуға ұғымды,
ерекше талапты момын қара бала болашақ заманның белгісіз бір жарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен күн санап ержетіп келе жатты».

 

Үйге тапсырма

«Асуда атылған оқ» фильмін қарау, повестьпен салыстыру. Бақтұғыл бейнесін толық ашу.

 

Бағалау

Әр топ басшысына бағалау парағы таратылады. Сонымен қатар әр топтың берген жауабына қарай бақылау жасау класс жетекшісіне тапсырылады, қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталып: «Т.Рысқұлов секілді өз еліміздің потриот азаматы болуларыңды тілеймін», - деп елтаңбасы бар төсбелгілер таратылады.

 

         

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 259.22 Kb
Количество скачиваний: 102
Просмотров: 317

Похожие материалы