Өлкетану "Тараз -көне шаһар"

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Уақыты:

Қазақ тілі

Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ тілі-қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл

Жалпы мақсат:

Оқушылардың мемлекеттік тіл, ҚР “Тіл туралы
Заңы”және де ойды айшықты жеткізу турасында білім дағдысын
қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

Тест тапсырмалары
1. Лексика нені зерттейді?
а. Тіл дыбыстарын
ә. Сөз мағыналарын, сөздік қор мен сөздік құрамды.
б. Сөз тіркестерін
в. Тыныс белгілерін
2. Көнерген сөздерді табыңдар?
а. Уәзір, болыс, ояз
ә. Тұқым, тоқаш, кәсе
б. Қырықтық, қой тоғыту
в. Құжат, кеден, сынып
3. Диалект сөзді табыңдар?
а. Сым, бәдірен
ә. Ұлтан, қайыс
б. Қорамса, садақ
в. Тулақ, шекпен
4. Жаңа сөздерді табыңдар?
а. Зейнетақы, келісімшарт
ә. Тарих, диірмен
б. Ұршық, шошала
в. Қойма, атыз
5. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз?
а. төрт
ә. ешкі
б. сауысқан
в. гүлдер
6. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар?
а. Құлақ аспау
ә. Құлақ-дене мүшесі
б. Құлағы жаурады
в. Өз құлағымен естіді

Талдау,жинақтау,қорыту

Жаңа тақырып

«Қазақ тілі- мәдениеттің бір белгісі ретінде барлық Қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы болуға тиіс және қазақ тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек». Н.Назарбаев
Ұлттың тілі – оның жаны, рухы, жүрегін соқтырар қантамыры іспетті: ал сол күретамырдан айырылса, адамның күні не болары белгілі, өз басым жуық арада ұлтымның тілі жойылады деп ойламаймын. М.Әуезов
ББҮ әдісі
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Тіл туралы заң қабылданғанын
Ана тіліміз-қазақ тілі
Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар:
Елтаңба
Әнұран
Ту Тіл туралы заң қай жылы қабылданғанын
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік тілі-қазақ
тілі екендігі жайында заңның нешінші бабында көрсетілгенін
1989 жыл
22 қыркүйек “Тіл туралы” Заң” қабылданды.
1989 жыл “Тіл туралы” заңды жүзеге асыру үшін “Қазақ тілі” қоғамы құрылды.
1993-1995 жылдар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
1993 жыл Тіл комитеті құрылды.
1996 жыл 4 қарашада Қазақстан республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тіл саясаты» Тұжырымдамасы мақұлданды.
1997 жыл 11 шілде “Тіл туралы” Заң толықтырылып қайта шықты.
1998 жыл “Тіл туралы” Заңды күшіне ендіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды.
2007 жыл “Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған” Тұжырымдамасы қабылданды.
2011-2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

1-жаттығу Өлеңді жаттап алдыңдар. Қазақ тілі неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

2-жаттығу Ана тілі жайында айтылған өлең жолдарын талдап,ондағы ойлардың дұрыстығына баға беріңдер.

Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп,демалады

Шығармашылық жұмыс

«Адасқан әріптер» ойыны
1. А, з, қ, қ, а ҚАЗАҚ
2. І,т, л, і ТІЛІ
3. О,ғ,қ,ы,м,а қоғамы
2.Афоризмдер
Оқушы пікірі
Тіл-елшінің қылышы.
Ж.Баласағұни
Сөздің ең ұлысы-тарих
А.Байтұрсынұлы
Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.
Б.Оңдасынұлы
3. Сөзжұмбақ.
1. Өнер алды ..... тіл.
2. ... көңілінен азады,
Тілімен жазады.
3. Тіл қаруы ... ,
Сөз қаруы ой.
4. ... кеспек болса да,
тіл кеспек жоқ.
5. ... бәле тілден.
6. Тіл қылыштан ....
7. Тіл буынсыз, ой ....
8. Жеті жұрттың ... біл,
Жеті түрлі білім біл.
9. Сөз ... білмеген,
Өз қадірін білмейді.
4. “Ойлан, тап” ойыны
1. Өмір, әрбір, тіл, адамға, бойы, керек.
2. Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы.
3. Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды.
4. Ғажайып, қазақ, әлем, тілі.
5. Ақылдың, тіл, бірліктің, көрінісі, кілті.
Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар:
Елтаңба
Әнұран
Ту
Ұлт боп жаратылу үшін басты қажет құрал:
Тіл
Дін
Дәстүр

“Диалог-ертегі” Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді.Ал қалған оқушылар басталған әңгіме ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады.
Мұғалім: Ертеде бір үлкен қария өмір сүріпті.
Ботагөз: Қарияның дүниеден өтерінде баласын шақырып айтып кетеді.
Шыңғысхан: Балам сен ержеттің, менің артымда мол байлық қалып бара
жатыр.
Ақниет: Соның иесі сенсің.
Мерей: Сөйтіп әкесі дүниеден өтеді.
Нұрдәулет: баласы қандай байлық қалғанын білмей, таба алмайды.
Әлмырза: Сөйтіп ол қарияға келеді.
Әсима: Қария жігітке былай дейді:
Гүлнұр: Қала сайын үй салдыр дегені, әр қалада досың болсын дегені,- дейді.
6. Ассоциация әдісі. Қазақ тілінің маңыздылығы жайында жазу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

“Тіл - қазына” тақырыбында шағын эссе жазу. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Жамбыл облысы.Байзақ ауданы

Ю.Гагарин атындағы орта мектебі

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мырзахметова Роза Саулаубаевна

Уақыты:

Қазақ әдебиеті

Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Қ.Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы

Жалпы мақсат:

Оқушыларға Қалижан Бекхожиннің өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Қ.Бекқожин жайлы толық мәлімет жинау, баллада мазмұны мен идеясын ашу.

1.Шығарманың авторы жайлы өз ойын айта алады.
2.Оқиға желісі туралы жаңа идеялар айтады.
3. Сөйлеу,ойлау бағыттарын еркін жеткізеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Компьютер, бейнеролик, стикер, плакат А4, маркер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқушылар

ға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту

Жаңа тақырып

Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны ,халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожин Повладар атырабында 1913 жылы 25 қарашада шаруа отбасында дүниеге келген.

Оқу-білімге ынталы жас Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистка бөлімін 1942 жылы бітіреді.

«Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасының түйінді ойын, ақынның мақсаты туралы айтып беремін.

Сөздікпен жұмыс: Жейхун- Әмудария өзенінің орта ғасырдағы атауы

Мұсатыр-мүсәтір

Зұлфуқар-алмас қылыш,алдаспан

Қаф тауы- Кавказ таулары

Шығармашылық жұмыс: «Темірді тізе бүктірген алып күш» айналасында әңгімелеседі.

.Шығармашылық жұмыс

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Ақсақ Темір туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер?

Ол қай кезде өмір сүрген,оның жаугершілік жорықтарынан қандай хабарларың бар?

Өлеңдегі ең басты кейіпкер кім?

Хафиз Ақсақ Темірге қандай баға берді?

Қорытындылау

1-топқа Тарихтан Ақсақ Темір деген атақты тұлғаны біз бүгін қай қырынан таниды екенбіз?
2-топқа Баллада ол қандай жанр?
3-топқа Ақынның өткір тілі туралы не айтасыңдар?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

Қалижан Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасын оқып келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.84 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 201

Похожие материалы