Здесь была ссылка на работу Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жолдары автора Шамбилова Арайлым Галимжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Аңқаты ЖОББ мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамбилова Арайлым Ғалымжанқызы Тақырыбы: Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жолдары. Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мақсатында лексика, фонетика, морфология, синтаксис тақырыптары бойынша лекциялық әдіспен баяндау, пікірлесу, тапсырмалар, тестілерді, жаттығуларды орындау, талдау, сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын бағыттау. Міндеттері: 1) Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде анықтамалық әдебиетті өз бетімен қолдануын ұйымдастыру; 2) ҰБТ-ді сәтті тапсыру үшін қазақ тілінен білім деңгейін анықтау; 3) оқушылардың ұмытып қалған, не түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіру, қайталау; 4) оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; 5) оқушының ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын қалыптастыру, белсенділігін арттыру; 6) Өтілген материалды жан-жақты меңгеруге жағдай жасау. Күтілетін нәтиже: Оқушылар қазақ тілі пәні бойынша тестіні сәтті тапсыра алады; берілген тапсырмалардың мазмұнын түсіне алады; өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады; алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйренеді. Ұлттық бірыңғай тестінің сапалы өтуі, алдымен, мұғалім мен оқушының уақытты тиімді пайдалануында және мұғалімнің тапсырмаларды түрлендіріп қолдануында. Ұлттық бірыңғай тестідегі негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын өз бетімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені түсінікті емес пе?!» - деген екен. Ана тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды. Соңғы жылдары оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жолдарын жүйелеп, сол жүйе бойынша дайындаудамын. Қазіргі уақытта ҰБТ-ге дайындықты үш кезеңге бөлемін. І. Диагностикалық кезең Алдымен 10-сыныптан бастап оқушыларға байқау сынақтары өткізіледі. Байқау сынақтары мектебімізде арнайы жабдықталған тестілеу кабинетінде өтеді. Байқау сынақтары кезінде оқушыларды жауап парақтарын дұрыс толтыруға үйретемін. Сол кезден бастап жауап парағымен жұмыс жасайтын оқушының қолы жаттығып, ҰБТ-ге келгенде бүлдіріп алам деп қорыпайды және тез толтырып уақытын үнемдеуге көмектеседі. Содан соң сол байқау сынақтарының нәтижесімен оқушылар үш топқа бөлінеді.