Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық кезінде оқушыларға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңызды мәселе – оқушылардың психологиядық денсаулығын қамтамассыз ету, жағымсыз жағдаяттардан сақтау және болдырмау болып табылады.

ҰБТ-ге  дайындық кезінен бастап  оқушыларда күйгелектік пайда бола бастайды. Оның себебі оқушы әр пәннен тест шешуден ұпай санын арттыруды  алдарына мақсат қылып,  жоспарлы түрде алға қарай ұмтылады. Ол әрине оңай емес, өйткені оқушының ойында үнемі сол ой ғана болады.  Осы кезде оқушыға ата-ана тарапынан, пән мұғалімдері тарапынан ерекше қолдау керек екенін мектеп психологтары ескертіп, ата-анамен және пән мұғалімдерімен түсінік жүргізуі керек. Кездесетін жағдайларды мысалға ала кететін болсам, кейбір ата-аналар баланың сабақ үлгеріміне 5-сыныптан кейін қадағалауды аз жасайды да 11-сыныпта оқитын балаларына «Неге аз ұпай жинайсың, мен сенің бар жағдайыңды жасадым, қарның тоқ, көйлегің көк болды?» - деп ұрсып баласымен қарым-қатынастың жағымсыз әсерін туғызады. Осыдан басқа мектеп түлектерінде кездесетін мәселелер балалардың  проблемалы  жағдаяттарда өз-өздерін басқара алмауы, жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы, кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы, алға жетелейтін мақсат қоя алмауы, қиын жағдайлардан шыға алмауы, сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы кездесіп тұрады.

   Осы орайда, білім беру мекемелеріндегі педагог-психолог мамандардың алдында көптеген міндеттер тұр, әрі олардың бірқатары іске асырылуда.  «Адамдарға тұлға болуға жәрдемдесу – оларға математик немесе француз тілінің маманы болуға жәрдемдесуге қарағанда  әлдеқайда  маңыздырақ...»-  деп   К.Роджерс айтқандай психологтар қауымы біріңғай тестке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуын, өздеріне деген сенімділігін арттыруын  қадағалап жұмыстануда. Ол үшін жыл бойына 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 29.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 116

Похожие материалы