Ұлттық тағамдар 6 сынып
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Мухамедкалиева Бибигуль Марденовна
|
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Тақырып туралы түсінік беру, жаңа сөздерді меңгеру, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру. Тақырып бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Тапсырмалар орындау.
2.Дамытушылық: сөз тіркесін дұрыс құрау қабілетін дамыту, буынға дұрыс бөлуге үйрену, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық тағамдарын білу және салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі -
Сыныппен амандасу
Кім жоқ екенін анықтау
Қазір қай жыл мезгілі?
Бүгін нешесі?
Қазір қандай сабақ?
ІІ. Тіл дамыту -
Қазақ тілі сабағында деген тақырып бойынша әңгімелесу
Қорытындылау үшін сұрақтар қою:
Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
Сабақта қандай тапсырмалар орындайсыңдар?
Сабақта қазақша сөйлесуге тырысасыңдар ма?
ІІІ. Жаңа тақырып: балалар мына есептерге назар аударыңдар. Есептерді шешіп, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
50+83=133 55-14=41
78-14 = 64 17+5=22
68+23= 91 10+6=16
145-50= 95 87-52=35
32+3= 35 5+13=18
60-9=51
133- ұ 41-т
64-л 22-а
91-т 16-ғ
95-т 35-а
35-ы 18-м
51-қ
Қандай сөз тіркесі шықты. Дұрыс «Ұлттық тағам» деген сөз тіркесі шықты. Сонымен сабақтың тақырыбы ұлттық тағамдар деп аталады.
Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр алуан. Негізінен ұлттық тағамдардың үш түрі бар. Олар еттен жасалған, сүт тағамдары және ұннан жасалған тағамдар.
Бүгін сабақта жаңа сөздермен танысып, сөйлемдер құрастырамыз. Қазақ халқының ұлттық тағамдарымен танысамыз, мәтінмен жұмыс өткіземіз. Меңгерілетін сөздерге назар аударыңдар.
1. Жаңа сөздер:
1.мұғалім оқиды
- хормен оқиды
- сөз тіркестер құрастыру
- сөйлемдер құрастыру
- сызылған сөздерді буынға бөліп, түрлерін анықтау
- шұбат- сөзіне ауызша фонет.талдау жасау
Ұлттық тағамдар-
Сусындар-
Қымыз-
Қонақ-
Шұбат-
Аттамайды-
Дәм-
Ауыз тимей-
Қуырған бидай-
Көп күттіруге-
2. Мәтінді оқып, түсінгенін айту, сұрақтарға жауап беру
2-тапсырма, 150 бет
3. сұрақтарға жауап беріңдер.
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып жауап береді
- қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе бар ма?
- дастарқанда аттауға болады ма?
- ұлттық тағамдар қалай бөлінеді?
- ет тағамдарына не жатады?
- сүт тағамдарына не жатады?
- нан тағамдарына не жатады?
-тамақ ішуге шақырғанда не істеуге болмайды?
4. мәтінге сүйене отырып, сызбаны толықтырыңдар
Керекті сөздер: Үлкен, ұлттық, жасайды, құрт, болады, дастарқан, жатады, ірімшік, дәмді, сүт, аттамайды, тамақ, пісіреді, негізгі, тәтті
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Қуырдақ және бауырсақ жасау үшін қандай тағамдар керек.
Керекті сөздер: ұн, ет, тұз, су, май, сәбіз, жуа, жұмыртқа, қызанақ, тұз, май, ірімшік, құрт
Сонымен, бүгін сабақта қандай ұлттық тағамдарды білдік?
Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?
Тамақ ішуге шақырғанда не істеуге болмайды?
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Сөздер жаттау, мәтіннің мазмұнын айту
ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 53.5 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |