«Ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеміз»

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индус­триялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр.

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрға­ны­мызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз” интернацио­налистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін. Қазір уақыт өзгерді, заман басқа, уақыт сұранысына жауап беретін талап та басқа. Бүгінде ұлт, ұлттық, ұлтшылдық мәселесі жақсы мағынада елдік санаға ұласып отыр. Елдік сана дегенде ең алдымен ойға оралатын нәрсе, қазақ елінің мәңгілігі туралы идея. Бұл не деген сөз? Қазақ елінің мәңгілігі туралы идея – біздің тәуелсіз мемлекетімізде жетекші ұлттық санаға айналуы керек деген сөз. Яғни, Қазақ елі – мәңгілік ұлттық идея. Осы мазмұн туған елімізде қайсы ортада, қандай бағытта болмасын негізгі ұстын, басты тірек болуы керек.

Орайы келгенде айта кететін нәрсе, жауһар Астанамызда бой көтерген “Қазақ елі” мемориалдық кешенінің негізгі мазмұн-мағынасы да, міне, осыған саяды. Расында да, осынау киелі атқа ие болған сәулет өнерінің жаңа туындысына зер салып қараған адам, одан еліміздің сан ғасырлық тарихын, ұлтының болашағы жолында қасық қаны мен күш-жігерін аямаған ұлы перзенттерін, халықтың асыл мұратын терең сезініп қана қоймайды, сонымен бірге ұрпақтар байланысын, қазақ елінің кеше­гісі, бүгінгісі және ертеңгісін айғақтайтын уақыт үндестігінің белгілерін де аңғарар еді.

 

Сондықтан да, бұл ескерткіштің өкшебасар ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке, елдік биік санаға тәрбиелеуде маңызы аса зор болатынына сеніміміз кәміл. “Қазақ елі” монументі өткен күнді көз алдымызға елес­тетумен бірге келешек жайлы да ой қоз­ғайды. Мұны монументтің ашылу салтана­тында сөйлеген сөзінде Қазақстанның халық жазушысы, сенатор Әбіш Кекілбаев орынды атап көрсетті. “Бұл – Ел жолында жүк қалдырмас Ерлікке ескерткіш. Бұл – абзал армандар мен асыл мұраттарға қанат бітіре алатын дарқан Елдікке ескерткіш. Бабалар аманатын орындаған ардақты ұлын аялаған халықтық махаббаттың ескерткіші” деген сенатордың салмақты да салиқалы ой-пікірі біздің де ықылас-пейілімізбен үндесіп жатыр.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.24 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 171

Похожие материалы