"Ұлы билер өміріне саяхат"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ислямгалиева Жанна Букенбаевна
|
Сабақтың тақырыбы: "Ұлы билер өміріне саяхат"
Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.
Негізгі идеялар: Билердің ролі. Үш би. "Жеті жарғы". Тәуке кезіндегі қазақ хандығы. Батырлардың алатын орыны. Ұлы батырлар ерлігі.
Сілтеме: Оқулық 5-сынып, интернет материалдары, жинақтама деректер.
Көрнекі және дидактикалық құралдар: Презентация, проектор, оқулық, кесте, дәптер, А3, түрлі-түсті маркерлер билердің суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
&29. Қазақ хандары
-Хан қандай қызмет атқарған?
-Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
-Қазақ хандығының нығаюына үлес қосқан қай қазақ білесіңдер?
- Қазақ хандығының құрылуына не себеп болды?
-Төлеңгіттер деп кімдерді атайды?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Бүгінгі тақырыпты білу үшін, назарымызды слайдқа аударайық.
Мұғалім сабақтың тақырыбын , сабақтың мақсаты мен міндетін ұсынады
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндеттерін анықтау Сабақтың мақсаты оқушыларды Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы мағұлмат алып, Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарған еңбегіне баға беруге үйрету.
Оқушылар дәптерге базалық білім негіздерін жазып алады. Мұғалімді мұқият тыңдайды, дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады, жұппен талдайды. Сөздерге түсінік береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 5.93 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |