"Ұлы жазушының ұлы шығармасы"-шығарма
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сарбасова Балжан Букеновна
|
Қазақ әдебиетінде Мұхтар Әуезов секілді ұлы жазушыдан кейінгі үзенгі қағысып, соңынан ерген айтулы қаламгерлеріміз баршылық. Көптеген көлемді шығармалар жазып, әдебиетіміздің дамуына елеулі еңбек еткен , өздерінің жазушылық қолтаңбасын қалдырып кеткен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин , С.Мұқанов секілді үлкен жазушыларымыз бар. Солардың ішінде бүгінде туғанына 110 жыл толып отырған айтулы қаламгер , ірі драматург, жалынды публицист, тіл жанашыры Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.
Ғабит Сибан ішінде -Қортыққа жатады. Қортықтан Тоқпамбет, Сейіт туады. Тоқпамбеттен Беспай. Беспайдың сегіз ұлы болған. Сол балалардың бірі- Тасболаттан Қуат, Сәдір деген екі ұл туады екен. Тасболат бай болған екен, оның қалың жылқысын бақтыруды баласы - Қуат басқарады екен. Бір күні Қуат жайылған жылқыны аралап жүрсе , бір жас жігіт атын қаңтарып, жерде ұйықтап жатыр екен дейді. Қуат оятып жөнін сұраса, « затым түрікпен, батыр жігіт ем, ханымызға қарсы болам деп қуғынға ұшырадым да, осылай қарай қаштым, ұлы жоққа ұл болуға әзірмін» депті. «Ендеше маған ұл бол» депті Қуат. Жігіт осыған көнгенннен кейін атын Жолғұтты қойып, үйіне алап келіп, жесір отырған келінін қосыпты. Жолғұтты балалы- шағалы болғаннан кейін енші беріп, «Қояншоқ» деп аталатын шұрайлы жерден қыстау салдырады.
Жолғұттыдан Еламан туған екен. Еламаннан Әсіреп, Мүсіреп, Кенжетай туады. Мүсіреп орта дәулетті , сөзге шешен , іске қажырлы кісі болған екен. Сондықтан жалғыз Сибан ішінде ғана емес, Керей руынында ірі бай, әрі батыр болған Есеней Естемесов Мүсірепті он қолы қылып ұстап, өз ауылының қасынан «Елтін жалы» деп аталатын қоныс беріп, қыстау салдырған.
Мүсірептен Кәжімбай, Ботпай туады. Кәжімбайдан : Мақмет(Махмұт), Ақан, Мақан, Самырат туады. Мақметті (Ғабиттің әкесі ) Мүсіреп бауырына салады. Мақмет сол үйде өсіп, үйленіп, сол үйден енші алып шығады.
Мақметтен : Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Гүлсім, Әшім туады.
Ғабит алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында(1916) жылы Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. Бұл мектепті оқып бітірген соң, Пресногорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып, жеті жыл білім алады. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде жауапты қызметтерді атқарады.
Жазушының әдеби- шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оған Пушкин, Лермонтов , Гоголь, Крылов , Толстой еңбектері секілді орыс классиктерінің шығармалары үлгі болған. Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар («Қос шалқар», «Талпақ танау», «Автобиографиялық әңгіме»т.б. жазған.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горкийдің ана тақырыбына жазған әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М.Горкийдің «адам» деген ардақты атты жоғары бағалауы , өмірге рух себуші тіршілік-иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горкийдің
« Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы» , «Ашынған ана» , «Ананың арашасы» , «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерін жазды.
«Ананың анасы» атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені , сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарма мазмұны , Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндаудан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы , жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап, арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі сөз болады. Жазушының ана жайлы жазылған әңгімелері қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы « Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 31.5 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |