Мақала "Мағжан Жұмабаев және орыс поэзиясы"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

        Ұлт әдебиет үлгілерінің өзара әсері мен бірін-бірі құнарландыруы, жанрлық формалардың дамуы мен баюы, үздік жетістіктер мен дәстүрлердің ортақ игілікке айналуы, асылында, қазіргі әдеби процестің негізгі тенденциясы екендігіне дау жоқ. Ұлтымыздың рухани дәстүрі, ділі және тілі болып табылатын қазақ әдебиеті аз уақыт ішінде аса шапшаң даму кезеңдерінен өтіп, кемелденген өнерге тән жанрлық салалардың бәрін тудырып, жетіліп, өрлеу шыңына шықты.

 

Дегенмен бұл шыңға жету, өріне шығу оңайға түспеді. Ширек ғасырдан аса бір бүтін ұрпақ ақ пен қара жігін ажырата алмай, айтуға бата алмай, тілі күрмелді. Қазақ зиялыларның қаймағы сылынып, білімпаз қайраткерлер шындық тұманына тұншығып кете барды. Әйтсе де шындық әлемінің шыңы көрінді. Ғылым, әдебиет, мәдениет әлемінен қуылып, атын өшірген Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы есімдері қайта жаңғырды, шығармалары қолымызға тиді, ойлау, зерттеу обьектісіне күш берді[2]. Қазіргі кезде әдеби процесті, бүгінгі әдеби құбылыстарды жан-жақты зерттеуге, әдебиеттегі жалпы азаматтық, ұлттық мүдде-мақсаттарды толық ескеріп, көркем шығармаларының қоғамдық, тәрбиелік, көркемдік мәнін терең ашып беруге мүмкіндік туды. Қазақ әдебиетіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер мен өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаевтың ақталуымен байланысты әдебиет тарихына тың толқулар кірді[3]. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.93 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 136

Похожие материалы