Мақала тақырыбы: "Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау".

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Нұсқаулық 57-бет. Бағалаудың маңызды бөлігі бұл қадағалау. Қадағалау білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады.Бағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерге жеткенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты қадағалаудың нәтижесінде тәртібі жақсарады, белгілі бір жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерін сапаларын дамытады. 1917жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Дәстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жәрдемімен тәртіпке шақыру әдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куәліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке дара тексеру де орынсыз деп табылды. Оқушылармен өтілетін тақырыптар бойынша мерзімді әңгіме сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндамаларын тыңдау ұсынылды. Дәәстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Осыдан кейін 1932 жылдан бастап оқушының білім жүйелі бағалаумен орындалатын болды. 1935жылдан бастап : «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман», «өте жаман» вербалды баға енгізілді.  Бұл жүйе 1943 жылға шейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.57 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 124

Похожие материалы