Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Желдибаева Альфира Актайлаковна
|
Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, ақын жырларының құдіретін сезіну, адам тіршілігіндегі мағызын, тіл шұрайын таныту;
ә) оқушыларды ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал болуға тәрбиелеу;
б) Мұқағалидың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойына поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, өлең жинақтары.
Кіріспе:
- Қазақ поэзиясының Хантәңірінің мұзбалағы, қайталанбас құбылыстай жарқ етіп өте шыққан найзағай ақынның арда жырлары қазіргі кезде әр қазақтың жүрегінен ойып орын алады. Ақиық ақынымыз ХХ ғасыр аяқталар тұста ел құрметіне бөленіп, «Ғасыр ақыны» атанды. Мұқағали жырлары – ұлттың асыл мұрасы, өйткені, ақын өлеңдері қазақ жастарын отаншылдыққа, ата-бабаларын сүюге, өзін-өзі тануға, намысты болып ержетуге тәрбиелейді.
- Мұқағали өлеңдері көзі тірісінде түгелімен жарық көрген жоқ. Оған кезінде әміршілдік-әкімшілік саясат кедергі болды. Бүгінде ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында, азат даласында қыран құстай самғап жүр.
Интерактивті тақтада «Менің анкетам» өлеңі көрсетіліп, оқылады.
Сайыс төрт бөлімнен тұрады:
І бөлім: «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)
ІІ бөлім: «Ән сал, жаным» (ақынның әндерін орындау)
ІІІ бөлім: «Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы ойтолғау)
ІҮ бөлім: «Мұқағали әлеміне саяхат» (білім мен парасат сыны)
Сайысқа түсетін топтармен таныстыру:
1) «Болашақ» тобы – 8 «а» - сыныбы
2) «Жас талаптар» тобы - 8 «ә» - сыныбы
Сайысқа қазылық ететін:
- Қарсақбаев Нұртас – тәрбие ісінің меңгерушісі;
- Қонақаева Жібек – қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі.
І бөлім:
Поэзия! Менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім? – деп ақынның өзі жырлағандай кезекті бірінші сайысқа береміз.
Әр топ мүшелері ақынның екі өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.
ІІ бөлім:
Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені,
Бір сәт тынсын тіршілік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі!
Келесі кезекті ақынның әндеріне береміз.
ІІІ бөлім:
Жазылар естеліктер мен туралы:
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,
Біреулер тұлпар еді, дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Әр топ мүшелері үйден жазып келген ақынға арнаған ойтолғауларын оқиды.
ІҮ бөлім:
Бұл кезеңде топ мүшелері берілген сұрақтарға жауап береді:
«Болашақ» тобына
«Жас талаптар» тобына
1. Ақынның азан шақырып қойған есімі кім? – Мұқаметқали
2. Мұқағалидың неше баласы бар? – үшеу: тұңғышы-Жұлдыз, екіншісі-Айбар, кенже қызы-Шолпан.
3. Мұқағалидың әкесінің аты? – Сүлеймен.
4. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты? – Жетімкөл.
5. Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды? – 10 жасында.
6. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазған? - «Менің анкетам»
7. Мұқағали Мақатаев атындағы және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты – Несіпбек Айтов.
1. Мұқағали Мақатаев қай жерде, қай жылы дүниеге келді? – 1931 жылы 9 ақпанда (13 наурыз негізгі туған күні), Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында.
2 Мұқағалидың шешесінің аты кім? – Нағиман
3 Ақынның жарының есімі кім? – Лашын
4 Мұқағалидың тарихи тақырыпқа жазылған поэмасы? - «Райымбек, Райымбек
5 Ақынның бауырларынан кімді білесіңдер? – Тоқтарбай, Көрпеш.
6 Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? – Нұрғиса Тілендиев.
7 Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан – Ғабит Мүсірепов.
- Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берейік
- Кешімізді Мұқағали Мақатаевтың тырнақалды туындыларының бірі – «Күрең күз» өлеңімен аяқтығым келіп отыр. Әнін жазған композитор - Гүлнар Дәукенова. Әннің алғашқы орындаушысы қазақтың әйгілі әнші қыздарының бірі – Мадина Ералиева апамыз болған. Бүгінгі күнде бұл әнді жас та болса, атағы шыққан «Жігіттер квартеті» орындап жүр. Ендеше әнді тыңдайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |