"Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру шығармашылығының музыкасымен  үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Дамытушылығы: Оқушының жан - жақты ойлануын,ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі, слайд.

Баяу музыка ойнатылады. Жарық Мұқағали Мақатаевтың суретіне түсірледі. Фариза Оңғарсынованың  «Ұлы Мұқағалиға» өлеңі оқылады.

1-оқушы. Аспан таудың ақиық сен ақыны,

Өлең, жырдың  жанашыр шын жақыны.

Мұқағали өлсе де, жыры өлмейді,

«Ақынның аты өлмейді» ел нақылы.

Тіршілікте жарық көрді «Өмірдастан»,

Ақындардың бірі ғой аруағы асқан.

Сусындатып өлеңің кәусарынан,

Кәрі, жас құмарланып шөлін басқан.

Ең бірінші бақытың халқың болды,

Өлеңмен сусындаттың оң мен солды.

Музадағы марсқа Мақатаев,

Поэзия шыңына салды жолды.

Жай ойнап, жүрек отың жалындаған,

Селдетсе – сескенердей дәуір, ғалам.

Ей, Әлем! Құшағыңды аш, тербет жанын –

Келеді Қарасаздан дауыл балаң!

«Менің анкетам»  (оқушылар кезекпен рөлге бөлініп оқиды)

 

- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!
- Және - дағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда оны жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған дипломсыз демесең
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндетісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Бірақ әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
- Мекен - жәйің?
- Мекен - жәйім – жер менің,
Жерде өскен ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 49 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 146

Похожие материалы