Мұқағалитану арнаулы курсына авторлық жұмыс
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Шерикбай Алтынгул Шерикбай
|
Авторлық бағдарлама орта мектептің 9 - сынып оқушыларына арналған.
Себебі, оқушылардың ақын шығармашылығымен танысу деңгейі бір межеге жетеді.
Төменгі кластардан бастап әр түрлі тақырыптарда өлеңдерімен таныса келіп, 8 - 9 - сыныпта Мұқағали Мақатаев шығармашылығына мол сағат бөлінеді және барынша кең көлемде мәлімет беріледі.
Сонымен қатар,ақынның шығармашылығын тани білуге тақырыптық, мазмұндық мәнін игеруге олардың жас ерекшелктері де сәйкес келеді.
15 - 16 жаста баланың өзіндік көзқарасы, дүниетанымы,
сөз қадірін ұғынуы жақсы жетіледі.
Сонымен бірге,бұл бағдарлама дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде көмекші құрал бола алады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қосымшасағат ретінде қолданса да болады, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыа отырып, шәкірттерді болашақта журналистикамен немесе
ғылыми жұмыспен айналысуға бейімдейді.
Бағдарлама 34 сағатқа негізделген.
Оның 17сағаты теория жүзінде жүзеге асырылса, 17 сағаты практика жүзінде жүргізіледі. Бағдарлама 6 бөлімнен тұрады.
1-бөлім ақынның өмір жолымен танысуға арналады.
Бұл бөлімде білім теория жүзінде өтеді оқушылар
ақынның өміріне қатысты деректер мен мәліметтерден мол хабар алады.
2- бөлім шығармашылығының жанрлық ерекшелігін
тануға арналады.Ақын шығармашылығы жанр түріне бай.
Сабақта теория мен практика қатар жүреді.
Прозасы белгілі прозаиктердің туындылармен терезесі тең
Ал "Қош махаббат" пьесасы Қазақстан театрларының
басты қойылымдарының бірі. Аудармалары қазақ әдебиетіне қосылған мол игілік болды.
Поэзиясы - қазақ поэзиясының аса бағалы қазынасы.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 528.5 Kb |
Количество скачиваний: | 77 |