Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі. 8 сынып.

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

а) білімділік: «Батыр Баян» поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөз астарына үңіліп мағынаны түсіндіру, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға үйрету;

б) тәрбиелік: Туған жерге деген сезімдерін қалыптастыра отырып, сүйіспеншілігін арттыру, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап

Пәнаралақ байланыс: Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

Көрнекілігі: Слайд, топшама

Ұйымдастыру бөлімі:

-         Оқушыларды түгендеймін;

-         Сабаққа дайындығын тексеремін.

Оқушыларды батырлық тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер арқылы  3 топқа бөлемін.

Оқушылардан «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын сұрап, құрылысына қарай талдатамын.

І. Шығарманың басталуы

    «Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.

Жүрегім мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да, - деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады.

ІІ. Шығарманың дамуы

    Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жолға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей» деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді.

ІІІ. Шығарманың шиеленісуі

    Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.

IV. Шығарманың шарықтау шегі

    Баян ішкі могологы арқылы өзінің іс-әрекетән саралайды. Ойы екіге бөлінеді. Бірі – айыптайды, екіншісі – ақтайды.

VI. Шығарманың шешімі

 

    Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып, ауыр дерттен арылмақ болып, Абылайға келеді. Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алады. Бұл батырға көрсетілген ерекше құрмет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 193.5 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 177

Похожие материалы