Мақтанышым - тәуелсіз Қазақстан

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан!»

Мақсаттары:

Білімділік – Қазақстанның тәуелсіздігі туралы оқушылар білімін арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы терең біліс беру.

Тәрбиелік – жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға үйрету;

Дамытушылық – оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді, оқиғаларды саралап, олардың себеп-салдарын анықтауға, есіне сақтауға дағдыландыру.

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарына жинақталған суреттер, қанатты сөздер, слайдтар, кітаптар, буклеттер, сайыс материалдары.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сыныпты екі топқа бөлу

1-топ «Азамат»  және 2-топ «Болашақ».

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

ІІ. Сайыстың өту жоспары:

1.     Сұрақ-жауап сайысы.

2.     Тіл-өнер

3.     «Ұлағатты ұлттық ұғымдар».

4.     Жедел сұрақтар.

«Сұрақ-жауап» сайысы.

І топқа:

1.     Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? (1990 ж. 25 қазанда)

2.     Қазақстан Республикасының азаматтары қандай білім алуға құқылы? (орта білім)

3.     Конституцияда қанша бөлім бар? (9бөлім)

4.     Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (1989 ж. 22 қыркүйек)

5.     Қазақстанның премьер-министрі кім? (Кәрім Мәсімов)

6.     Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (А.Байтұрсынов)

7.     Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы кім? (халық)

8.     Заң бойынша бала деп кімді айтады? (18 жасқа толмаған адам)

9.     Қазақстан Республикасының рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран).

10.                       Бейжің олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз кім? (Илья Илин)

ІІ топқа:

1.     Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (бостандық)

2.     Президент неше жылға сайланады? (7 жылға)

3.     Абайдың неше қарасөзі бар? (45 сөз)

4.     Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды? (1997 ж. 11 шілде)

5.      Қазақ балаларына еуропалық үлгіде мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

6.     Қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады? (42)

7.     «Алтын адам» табылған жер (Есік, Алматы).

8.     Азиада қысқы ойындары қай қалаларда өтті? (Астана, Алматы)

9.     Заң шығарушы орган қалай аталады? (Парламент)

10.                        Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

«Тіл – өнер» сайысы

Мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілде айту керек. 1 нұсқасын айтса – 5 ұпай, 2 нұсқасын айтса – 10 ұпай, 3 тілде айтса – 15 ұпай жинайды.

1.     Өнер алды – қызыл ...          (тіл-язык-language)

2.     Тіл ... жарады, ... жармаса бас жарады.      (тас-камень-stone)

3.     ... кілті – тіл.                   (білім-знание-knowlaine)

4.     Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз-слово-word

5.     Жігіт бір сырлы, ... қырлы.           (сегіз-восемь-eight)

6.     Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.     (су-вода-water)

 «Ұлағатты ұлттық ұғымдар»

Берілген сандардың біреуін таңдап, артындағы тапсырманы орындау керек.

3 арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ.

3 би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

3 бәйтерек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

3 қуат: ақыл, жүрек, тіл.

7 ата: әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат.

7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

7 қазына: сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, ақыл-білім.

Cайыстың қорытындысы шығарылып, жеңген топ марапатталады.

                  Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі.

 

Оқушылар бірігіп, «Қазақ елі» әнін орындайды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 278 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 94

Похожие материалы