Математика 5 саны мен цифры 1-сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Косаева Айгалым Станбакиевна
|
Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты: 1) Оқушыларға 4санының құрамын еске түсірте отырып, 5 саны мен цифрын таныстыру, есептей білуге, салыстыра білуге дағдыландыру.
2) Оқушылардың санау, есептеу дағдыларын, ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.
3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Өту әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, ойындар.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.
Сабаққа даярлау.
- Қазір бізде математика сабағы.
-Құрал-жабдықтарымыз түгел ме?
- Ал онда сабағымызды бастайық.
Ең бірінші сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді айтып көрейік.
Мысалы:Бүгін сабақта 5 ал
–Енді балалар өткен сабақта не өттік, соны еске түсірейік. 4 санының құрамын еске түсірейік. Ол үшін мына ойынды ойнап жіберейік. «Адасқан сандарды орнына қой» 4=3+ , 4=1+ , 4=0+ , 4=4+
Ал, балалар кім 10-ға дейін санай алады екен?
- Ал балалар, «Көршісін тап» ойынын ойнап жіберейік. 4 санының алдыңғы , кейінгі көршісін кім табады? Яғни біз бүгін 4-тен кейін тұратын сан 5 цифрымен танысамыз. 5 ке дейін сандарды кім орналастырып береді екен. 0 1 2 3 4 5
-Дұрыс, балалар. Бұл 5 саны екен.
2.Негізгі бөлім:. Шаблондармен есеп құрау.
Менің қолымда 4 алмұрт бар еді, оған тағы 1 алмұрт қосылды. Сонда неше алмұрт болды? Бұны теңдік түрінде кім тақтаға жазып береді? 4+1=5
Ал енді осы 5 алмұрттың 1алмұртын мен 1оқушыға бердім. Сонда неше алмұрт қалды? Теңдікті кім тақтаға жазып береді. 5-1=4
Оқулықпен жұмыс. Кесіндіні өлшеу. 5см > cм (плакаттағы бос орынға сан қою.) Сергіту жаттығуы. Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Қосып едік екеуін
Шыға келді 10 саусақ.
Геометриялық фигураларды еске түсіру. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ал енді мына фигураны кім біледі. 5бұрыш. Неге 5 бұрыш деп аталды екен?
5 бұрышпен таныстыру. Тақтаға 5 бұрыштарды қыстыру, теңдік құру.
4+1=5 5-1=4
Ал енді балалар, қазір мен сендерді 3 топқа бөлемін. 3 топ жарысып мына сандарды салыстырады. Қай топ қатесіз дұрыс бірінші болып шешсе сол топ жеңіске жетеді.
3*4 2*1 1*3
2*3 4*1 4*5
1*5 5*4 3*4
0*4 0*3 2*5
3.Қорытынды бөлім:
Жарайсыңдар, балалар.
-Ал, балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күзден кейін қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде аңдар, құстар ашығады екен. Сондықтан да оларға қамқорлық керек. Ал, балалар аңдар мен құстарға қамқорлық көрсету үшін мына мысалдарды шығарайық. Сонда әр аңның, құстың қорегін табуға көмектесеміз. Мысалдарды шығару.
Енді дәптерімізге қарайық.
5 цифрын жазу. Өрнектерді шешу, шығару.
Сандар құрамын қайталау., жазу.
Мысалдарды шығару.
- Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.
- 5 деген бағаны жақсы көресіңдер ма?
- Бүгін барлығыңа 5 деген бағаны қоямын. Және сыйлықтар беремін.
- Сабақ аяқталды.
- Бүгін барлығыңа 5 деген бағаны қоямын. Және сыйлықтар беремін.
- Сабақ аяқталды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 25.48 Kb |
Количество скачиваний: | 53 |