Математика "Қайталау"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралардың қасиеттерін, екі амалмен шығарылатын есеп шығаруды пысықтау, екі таңбалы сандарды оқу, ұзындықтармен амалдар жүргізу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлауын, байқағыштығын, шығармашылық белсенділігін, танымдық қабілеттерін дамыта түсу. Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ Түрі: сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: деңгейлік оқыту, сұрақ-жауап(блиц-турнир), ойын.

Көрнекілігі: оқулық, геометриялық фигуралар, тапсырма жазылған парақшалар, слайд. І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

–Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл, - дей отырып бүгінгі математика сабағында тағы да бұл ғылымның қыр-сырына қанық боламыз. Сабаққа әзірлігімізді тексерейік. Ал егер дайын болсақ сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақ – қайталау , сайыс сабақ түрінде өтеді. Алдымен ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

«Қайсысы артық?» ойыны. Әр қатарға тапсырма таратылады. Суретте берілген фигуралардың ішінен артық фигураларды айтады, дәлелдейді.

Артық болған фигуралар бойынша топ құрады. (Білімділер, Тапқырлар, Ойшылдар, Алғырлар)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 50 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 161

Похожие материалы