Математика пәні бойынша "Тригонометриялық функция"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Салихова Жумагуль Кулбаевна
|
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Студенттерге өткен білімдерін пайдалана отырып, арксинус, арккосинус және арктангенс ұғымдары, қасиеттері,графигімен танысу, олардың мәндерін есептеуді үйрету.
Дамытушылық: Қойылған мәселені шеше білуге, жаңа ұғымды пайдаланып есептер шығаруға , өз пікірін басқамен бөлісуге, ойын ашық айтуға үйрету
Тәрбиелік: Студенттерді ұлтын, салтын құрметтеуге, үлкенге құрметті, кішіге ізетті болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технология элементтері мен ұлттық ойынмен ұштастыру арқылы қызықтыру әдісі.
Сабақ көрнекілігі: Сызбалар,графиктер, Ұлттық киім.Ұлтық нақыштағы төсеніш.Асықтар, қоржын, сандық, қамшы, плакаттар , маркер т.б.
Сабақтың жоспары:
1. Үйымдастыру кезеңі.
2. Ой қозғау кезеңі. Сабақтың мақсаты ,қайталау.
3. Мағынаны тани білу кезеңі. Мәселе қою.ЖИГСО- стратегиясы.
4. Ой толғаныс кезеңі.Кубизм стратегиясы. ?
5. Ой қорыту. Қолданыс. Дискуссиялық карта стратегиясы
6. Бағалау. Топтық және жекше.
7. Сабақты аяқтау. Үй жұмысы
Сабақтың барысы:
1.Үйымдастыру кезеңі.
Студенттерді 4 топқа бөлу. АӘД бойынша, реттік номер беру. Төреші тағайындау.
І. –Алшы . ІІ-Тәйке ІІІ- Бүге . ІV- Шиге
«Ат жарысы» ойынының шартын, төрешісін таныстыру. Әр дұрыс қадам бір жол алға жүру. Көмбеге бірінші жеткені озады, арнайы сыйға ие болады.Топ бірлігін, тапсырма орындалуын төреші қатаң қарастырады. Ойынды төреші қорытып, соңғы сөзін айтады.
2. Ой қозғау кезеңі. Сабақтың мақсаты таныстырылып, тақырып анықталады.
«Білім қоржыны» - Әр топ сәйгүлігі мен сәйкес тапсырма алынады. Тақырыпқа байланысты бе білеміз? (Тригонометриялық функциялар плакат бойынша қайталау)
Әр дұрыс жауап бойынша сәйгүлік алға шабады.
3.Мағынаны тани білу кезеңі. Мәселе қою.ЖИГСО- стратегиясы
Қойылатын мәселе: Тригонометриялық функциялардың кері функциялары қалай анықталады деп ойлайсыңдар?
«Қамшы» тапсырмасы: Топтарға синус, косинус, тангенс, котангенс функцияларға кері функциялар бойынша білім жинақтау тапсырмасы беріледі.
Топтағы реттік номірмен топтасады. І-1, ІІ-2, ІІІ-3, ІV-4.
· Берілген тапсырма оқулықты пайдаланып зерттеледі. Оқытушы нұсқау береді.
Өз топтарына жиналады.
· Өз топтарына жиналып ортаға салады. Қағаз бетіне түсіреді.топтан спикер қорғайды. (Нұсқау парағы:
1.Кері функциясы белгісі, оқылуы. 2.Графигі. 3.Анықталу облысы
4.Мәндер жиыны 5.Жұп, тақтығы 6.Функцияның өсу, кему аралығы
Негізгі шарт математикалық тілде толықбаяндалып,мысал шығарылады.
· Әр дұрыс пікір бойынша сәйгүлік алға шабады.
«Білім сандығы» -Деңгейлік тапсырмалары топтарға үлестіріліп. Үй жұмысы жазылады.
Жеке оқушы шығып, баяндап шығарады. Әр дұрыс есеп бойынша сәйгүлік алға шабады.
(4 есеп)
4.Ой толғаныс кезеңі.Кубизм стратегиясы.
1.Өрнектеңіз 2.Салыстырыңыз 3. Жауап беріңіз, 4.Анықтаңыз ( Анықтама)
5.Қортындылаңыз . 6 Қолданыңыз Әр дұрыс ой бойынша сәйгүлік алға шабады
Тапсырма: Түрлі түсті парақша тапсырмасы беріледі.
Әр дұрыс есеп бойынша сәйгүлік алға шабады
5.Ой қорыту. Қолданыс. Дискуссиялық карта стратегиясы
№
А-1
Иә
Жоқ
1
Арккосинус анықталу облысы
2
Арктангенс мәндер облысы
3
arcsin =
4
Арккотангенс бір сарынды кемімелі функция
5
arctg1 =
6
у=arccosх жұп та, тақ та емес
№
Б-2
Иә
Жоқ
1
Арксинус анықталу облысы
2
Арккотангенс мәндер облысы
3
arcсos =
4
Арктангенс бір сарынды өспелі функция
5
arcсtg1 =
6
у=arcsinх тақ функция
№
Ш-3
Иә
Жоқ
1
Арктангенс анықталу облысы
2
Арксинус мәндер облысы
3
arctg=
4
Арккоcинус бірсарынды кемімелі функция
5
аrcсos1 =
6
у=arctgх тақ функция
6.Бағалау. Топтық және жекше. Төреші :Сый мен айып пұлды анықтайды.
Төрешілік сөзімен аяқтайды.
7.Сабақты аяқтау . Үй жұмысы.
«Білім сандығы» -Деңгейлік тапсырмалары
І. –Алшы .
78 а , 79 в, 80 г, arctg 1;
Қосымша есеп алуға болады
ІІ-Тәйке
78 б, 79 г, 80б, arctg;
Қосымша есеп алуға болады
ІІІ- Бүге .
78 в, 79 б, 80 а, arctg (-);
Қосымша есеп алуға болады
ІV- Шіге
78 г , 79 а, 80 в, arctg0;
Қосымша есеп алуға болады
Нұсқау парағы:
1.Кері функциясы белгісі, оқылуы.
2.Графигі.
3.Анықталу облысы
4.Мәндер жиыны
5.Жұп, тақтығы
6.Функцияның өсу, кему аралығы
Нұсқау парағы:
1.Кері функциясы белгісі, оқылуы.
2.Графигі.
3.Анықталу облысы
4.Мәндер жиыны
5.Жұп, тақтығы
6.Функцияның өсу, кему аралығы
Қосымша:
«Құпия хат ».
Құрметті Тәуелсіз қазақ елінің ұландары!
Сәйгүліктей шабысты, заманға сай білімді, жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар болғандарыңызға алғыс білдіреміз!
« » топ мүшелері сіздерді 13 желтоқсан күні Астана қаласына саяхаттауға шақырамыз!
Лицей әкімшілігі.
Жаңылтпаш:
Математиканы сен математикаландыра алмағанда
мен математикаландыра алам ба?
Есеп: Апақ сапақта кездескен қыз бен жігітке жолдарың болсын жарасқан жұп!-дегенде
Олар: Біз жарасқан жұп емеспіз
Менің анам бұл қыздың анасының қайын енесі
Сонда мен боламын бұл кісінің неменесі
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 94.5 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |