Математика пәнінен: 7 санының құрамы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бекітемін:

Мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары: Н.Ж.Кулмуханова

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 7 санының құрамын меңгерту,өрнек құру арқылы мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету.

Дамытушылығы: ойлау,есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту,бағыт-бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге,өзіндік талдау және топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа,тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Түрі: бекіту сабағы

Әдісі: топтық,жеке

Көрнекілігі: сызба,слайд,жұмбақ,өлең, шығармашылық жұмыс,логикалық жаттығулар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгін өтер сабағымыз,

Сәттілікке толсын.

Оқушыларды екі топқа«Алғырлар» , «Тапқырлар» деп бөлеміз.Әр тапсырмалар гистограмма арқылы бағаланып, сабаққа жақсы қатысқан оқушылар «5», «4» деген бағалы метальдармен марапатталады. Сабақты ойын түрінде жүргізетінімді хабарлаймын.

II.Өткенді пысықтау.

Жұмбақ.

Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді( аптаның 7 күні)

1-ші күн Дүйсенбінің тапсырмасы:

«Алғырлар» тобы сандарды өсу ретімен санайды.

0 1 2 3 4 5 6 7

«Тапқырлар» тобы сандарды кему ретімен санайды
7 6 5 4 3 2 1 0

Келіңдер,бірге ойланайық!

2 4 6 35

























































2-ші күн Сейсенбінің тапсырмасы:

Математикалық диктант.

«Алғырлар» тобына

1+= 43+= 5

5-= 24 -= 2

«Тапқырлар» тобына

4 += 62 += 4

6 -= 56 -=2

3-ші күн сәрсенбінің тапсырмасы:

Бұл кезеңде оқушыларға қосу,азайту амалдарының компоненттерін айтқызамын.

«Алғырлар» тобы

Қосу амалдарының компоненттерін айтып беру.

«Тапқырлар» тобы

Азайту амалдарының компоненттерін айтып беру.

«Өз үйіне орналастыр»» ойыны

III.Жаңа сабақ.

- Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып саналады екен, мына өлең жолдарына құлақ салайық.

Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы – заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.

Жаңа сабақ 7 санының құрамы
Оқулықпен жұмыс

1 – тапсырма

а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
ә) Теңдіктер құру, оқыту, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыру.
6 + 1= 7
7 – 1= 6
5 + 2= 7
7 – 2 = 5
4 + 3= 7
7 – 3= 4

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз (дәптерге орындау).

6.....

7.....

2-тапсырма

Теңсіздіктер құрастырып жаз.

4+3 >3+3

4-3˂ 3+3

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз

4-ші күн Бейсенбінің тапсырмасы

Орындықтардың номерін анықтау.

5-ші күн Жұманың тапсырмасы

1).«Алғырлар» тобына

Математикалық жұмбақ.

Жаңа ғана шалғында,

7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Жүргенін айт айырып.Жауабы:7-6=1

2).«Тапқырлар» тобына

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналып.

Алдым үзіп 5-еуін

Тағы да алдым 2-еуін

Алдым сонда нешеуін Жауабы:7

6-ші күн Сенбінің тапсырмасы

Қайсысы аптаның қай күндері туған?























2-1=14-2=26-3=33+17-2=53+3=64+3=7

IV.Сабақты қорытындылау.

7 санының құрамын айту.

Салыстыру 7*66*7

V. Оқушыларды мадақтау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 93 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 144

Похожие материалы