Математика пәнінен ауызша есептеу тәсілдерін үйрету
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Хамзина Гульдарай Советовна
|
Сабақтың тақырыбы: 37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
2.Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту
3.Тәрбиелік: тазалыққа , ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау, видео-сұрақ, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта, плакаттар
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
І. Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.
Алдымен қонақтармен амандасып алайық!
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Ал, енді біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір-бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Жаңа сабаққа дайындық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.71 Kb |
Количество скачиваний: | 34 |